8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Желтоқсан 2020 1153 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ДЕ САУДА ҮЙЛЕРІ МЕН БАЗАРЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ (жаңа қаулы)

Бүгін, 7 желтоқсан күні  БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың №35 ПГВр «Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 21 қарашадағы №34-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы шықты.  Қаулы мәтіні төмендегідей:

 

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің  38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының  2, 3, 4, 7-тармақтарын,  Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі №ҚР ДСМ 78/2020 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 2-тарауының 3, 4 тармақтарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі-КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 21 қарашадағы №34-ПГВр қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызмет қызметкерлерінің, жергілікті әскери басқарма органдарының (әскери комиссариат) қызметшілерінің ілесіп жүруімен әскерге шақырылғандар, сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар мен стратегиялық нысандардың өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, БҚО елді мекендерінің аумағында халықтың қозғалысын сағат 00:00-ден 6:00-ге дейін шектеу»;

Көрсетілген уақытта жүріп-тұру қажет болған жағдайларда: шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару, дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар http/www.STOPCOVID.KZ. сайтына тіркелуі тиіс немесе «109» телефоны бойынша өтінім қалдыруы қажет».

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, жаппай жаңа жылдық іс-шараларды (оның ішінде ертеңгіліктер, корпоративтер), сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;»

         3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Барлық ойын-сауық нысандарының, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальяндық, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер мен кейтерингтік қызметтер көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметтерін тоқтата тұру;»

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:

– коронавирустық инфекцияның алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 50%-ы «қашықтықтан» жұмыс түріне ауыстырылсын, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ын «қашықтықтан» жұмыс түріне ауыстыру ұсынылады; «Қашықтықтан» жұмыс түріне бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді ауыстыру, жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу;

– Халыққа қызмет көрсету орталықтарының,  (бұдан әрі-ХҚКО), соның ішінде және арнайы ХҚКО-ның жұмысы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылсын. Карантиндік шараларды сақтау үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға баруды Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыру;

– сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін болатын, контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі мектептердің; сыныптардың жинақталуы 15 баладан аспаған кезде, ата-аналарының өтініші бойынша мектепалды, 1-4-сыныптардың білім алушыларына арналған білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне рұқсат беру;

– мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтары (саны 15 баладан аспайтын), жатын үй-жайлардағы керуеттер арасында кемінде 1 метр қашықтықты сақтай отырып;

– моншалар, сауналар (толымдылығы нысанның сыйымдылығының 50%-нан аспауы тиіс, 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде);

– діни нысандарға (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде және нысанның толтырылуын 30%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салу;

– азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (толтырылуын 30%-дан асырмай), күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып;

– сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), азық-түлік емес дүкендер (толымдылығын нысанның сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде);

– қоғамдық тамақтану нысандары сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін (ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50 орынға дейін, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс);

– сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, ЅРА орталықтар (салондар) алдын ала жазылу бойынша (нысанның толымдылығы 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде);

– фитнес орталықтары, бассейндер, спорттық-сауықтыру нысандары, спорт және жаттығу залдары (толымдылығын нысанның сыйымдылығының 50% асырмай, 1 келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде) алдын ала жазылу бойынша».

8-тармақ алынып тасталсын; 

21 қарашадағы  БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың №34 ПГВр«Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысындағы 8-тармақта – сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар) жұмысын тоқтата тұру, онда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда; – жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұру. – қоғамдық автокөлік жұмысын тоқтата тұру туралы жазылған болатын – редакция)

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас уақытта автобустар санын арттыру, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 Қаулысының талаптарын сақтай отырып;»

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы №65 Қаулысы талаптарына сәйкес, ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті;»

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы және аудандарының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты тиісті аумақтарда карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.
  2. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
  3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  4. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е. Мұстаевқа жүктелсін.
  5. Осы қаулы 2020 жылғы 9 желтоқсаннан бастап заңды күшіне енеді.

 

Батыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері               М.Арыспаев

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
66 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
139 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
368 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
851 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1229 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1136 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1588 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2204 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2368 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2376 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2427 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2431 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2051 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2911 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2965 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2959 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3572 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3540 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3531 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3506 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3667 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»