БҚО-ДА ДӘНДІ ДАҚЫЛДАР АРТЫҒЫМЕН ДАЙЫН
Батыс Қазақстан облысында дәнді дақылдар артығымен дайындалған. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында айтылды.
БҚО ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Омашевтың айтуынша, облыстағы дәнді дақылдар тұқымына қажеттілік 21,1 мың тонна. Ал бүгінгі күнге нақты дайындалғаны 22,1 мың тонна. Яғни негізгі қажеттіліктен 5 пайызға артық.
Майлы дақыл тұқымының қажеттілігі 0,52 мың тонна, дайындалғаны 0,53 мың тонна немесе қажеттіліктің 102%. Мал азықтық дақылдар тұқымына қажеттілік 1,0 мың тонна, нақты дайындалғаны 0,59 тонна немесе 57%. Тұқымдық картопқа қажеттілік 12,9 мың тонна, нақты 100% дайындалды.
– Мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде анықталған «Казагрэкс» АҚ және «Орал-Жер» ЖШС лабораториялары тұқым сапасына тексеріс жүргізді. Тексерістер нәтижесінде барлық дәнді дақылдар тұқымының егуге жарамды екендігі анықталды, – деп толықтырды Денис Молдағалиұлы.
Версия для печати
Пікір үстеу