БҚО-ДА АУДАНДАРҒА ЖОЛ САЛУ БАСТАЛАДЫ
БҚО әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде Елбасы тапсырмасы бойынша биыл Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына жол салу басталатынын мәлім етті.

Рафхат ХАЛЕЛОВТЫҢ суреті
«Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларының әрекет етуі 2025 жылға дейін ұзартылды. Бағдарлама аймақтарға жол, сумен жабдықтау, газдандыру бойынша жаңа жобаларға маңызды қолдау көрсетеді. Ағымдағы жылы аталмыш бағдарламалар аясында өңірімізге 36,3 млрд. теңге бөлінген.
– Ерекше айта кетерлік жайт, шалғай аудандарды облыс орталығымен байланыстыратын автожолдарды дамыту бойынша Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру ерекше бақылауда. Республикалық маңызға ие Орынборға дейінгі 144 шақырым жолын қайта жаңғырту бойынша «Қазавтожолдың» қатысуымен жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды, жол құрылысын 2019 жылы бастау жоспарлануда, – деген өңір басшысы Алтай Сейдірұлы Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарына апаратын 275 шақырым – республикалық маңызды автожол құрылысына, «Қазавтожол» күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатқанын жеткізді. Жол құрылысы осы жылда басталады. Алдағы 3 жылдың ішінде жол салынады.
450 шақырымдық автомобиль жолдарының құрылысына 32 млрд. теңге бөлінген. Соңғы үш жылда 1 мың шақырымнан аса автожолдар жөнделген. Есепті кезеңде Саратов трассасының 104 шақырымын жөндеу аяқталған. Орал қаласында жолдарды жөндеуге 8,8 млрд. теңге қарастырылса, бүгінде 50 көше, яғни 50 шақырымдық жол жасалған. Бұдан өзге «Депо» ауданындағы көпір пайдалануға берілді. Өткен жылдың қараша айынан бастап «Омега» ауданындағы көпір жабылып, құрылыс басталды. Алтай Сейдірұлы халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жол құрылысы жалғасатынын айтты.

«Жайық үні» гезеті
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу