8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Шілде 2020 1801 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА ҚАТАҢ КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ

Коронавирустық инфекцияның таралуына  жол бермеу мақсатында  ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қазақстан Республикасы аумағында шектеу шараларын енгізу туралы қаулысы шықты. БҚО-дағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Осы орайда    БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің облыс аумағында уақытша шектеу шараларын енгізу туралы қаулысы шықты. Шектеу шаралары туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  басшысы М.Арыспаев түсіндірді.  

 

 

БҚО бас мемлекеттік  санитар-дәрігерінің  қаулысына  сай облыс аумағында  2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге  қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізіледі.

Атап айтқандай, банкеттер, той, мерейтой, отбасылық, еске алу және  басқа  да халық көп жиналатын  рәсімдерге тыйым салынады. Түнгі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін көлік қоғалысына  шектеу қойылады. Тек жедел жәрдем, апаттық және баста да арнайы қызметтердің, Орал қаласы мен облыс аудандары тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етуші ұйымдардың көліктеріне  ғана рұқсат.

Қалалық саябақ пен жағалаудан басқа тынымбақ, алаң, жағалаулар  сынды халық демалатын орындарға  үш адамнан артық емес топпен немесе  бір отбасы мүшелерінің баруына  рұқсат.

Өңірлер арасындағы жолаушылар автобус тоқтатылады.

Сауда үйлері мен орталықтарының, павильондарының, сауда нүктелерінің қызметі тоқтатылады. Бірақ, оның ішіндегі супермаркеттер, дүкендер, дәріханалар жұмыс жасай береді.

Жабық азық түліктік, азық-түліктік емес базарлардың, сұлулық салондары, шаштараздар, спорттық және тренажерлік залдар, фитнес-орталықтары, бассейн, сауна, монша, SPA-орталықтарының қызметтері де  тоқтайды.

Меншік түріне қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар, балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, дамыту орталықтары, үйрімелер, балалар мен ересектерге  арналған курстар, мектеп жанындағы сауықтыру лагерлері, қалалық демалыс саябағы мен жағалауы да жұмысын уақытша тоқтатады.

Барлық ойын-сауық нысандары, кинотеатрлар, ауладағылардан басқа ойын алаңдары, батуттар, аттракциондар, түнгі клубтар, компьютерлік және ойын клубтары, қорқор, букмекерлік кеңселер,  мерекелерді ұйымдастыру орталықтары, діни ғимараттар мен мәдениет саласындағы барлық ғимараттары осы 14 күнге жабылады.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»