8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Шілде 2021 1800 0
Қоғам

БҚО-ДА АЛТЫ МЕКТЕП ЖАБЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін, 29 шілде күні өңірлік коммникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева айтты.

Спикер брифингте облыстағы білім ұйымдарының жаңа 2021 – 2022 оқу жылына дайындығы және күзгі-қысқы мезгілдерге үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз мақсатындағы даярлық жұмыстары туралы баяндады. 2021-2022 оқу жылы қарсаңындағы болжамды мәлімет бойынша облыста 372 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс жасап, оларда 113 мыңнан астам оқушы, 5 жеке мектепте – 618, кешкі мектептерде- 243 білім алады. Оқушылар контингентінің азайып, талапқа сай келмеуіне байланысты 6 бастауыш мектеп жабылады. Олар – Казталов ауданы Ащысай бастауыш мектебі, Бестерек бастауыш мектебі, Аққұрай бастауыш мектебі, Теректі ауданындағы Қоныссай бастауыш мектебі, Шыңғырлаудағы Ұрысай бастауыш мектебі және Жаңақала ауданындағы Плантация бастауыш мектебі.

Сондай-ақ оқушы санына байланысты үш негізгі мектеп бастауыш мектеп болып қайта құрылады. Олар – Ақжайық ауданы И.Тайманов атындағы негізгі  мектеп, Қадырқұл негізгі мектебі және Теректі ауданы Қызылжар негізгі мектебі.

Облыста2021-2022 оқу жылы қарсаңында болжамды мәлімет бойынша 1 сыныпқа 11 202 оқушы қабылданды, құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 30 шілдесіне аяқталады.  Мемлекеттік тілде 7341, орыс тілінде 3861 оқушы білім алмақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
64 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
61 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
114 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
89 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»