БҚО-ДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ БАСТАУ АЛДЫ
Бүгін Батыс Қазақстан облысында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай шаралар салтанатты түрде ашылды.

Ұлы ақын, философ, сазгер Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орайластырылған «Абай – халықтың рухани қазынасы» атты салтанатты ашылу шарасы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ұйымдастырылды. Театр фойесінде «Абай әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақ үй төрінде «Ардагерлер» ансамблі Абай әндерін орындап, келушілерді күтіп алды. Салтанатты шара Абайдың «Сегіз аяқ» әнімен ашылды. Одан соң Абайдың адамзат руханияты туралы өлеңдерінен қойылым ұсынылды. Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі сазгердің «Торжорғасын» орындады.
– Бүгінгі қоғамда ұлттық сананы оятып, рухани бағыт берер басты Темірқазығымыз – Абай Құнанбайұлы. Оның шығармаларының қайсысын алып қарасақ та, бұдан бір жарым ғасыр бұрын жазылғанымен, осы күнге дейін өзекті болып отыр. Қара сөздері мен өлеңдері тұнып тұрған философия. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» деп Сұлтанмахмұт Торайғыров тегін айтпаса керек. Рухы мықты жас ұрпақты тәрбиелеу үшін Абайдың құдіретті сөзі қажет. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да,тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты» деп жазды. Абай Құнанбайұлы – гуманист ақын. Ол дінге, ұлтқа, әлеуметтік жағдайына қарамай, «Адам адамды сүйе білуі керек» деген идеяны берік ұстанған. Бұған «Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз» деген сөздері дәлел болады. Осы өлең жолдарында ұлт достығы мен татулықты жырлап, басқа түскен қиындықты бірге жеңуге шақырған. Абай тағылымы – таусылмайтын дастан, мәңгілік мұра. Абайды алдымен өзіміз танып, одан кейін ұрпағымызға танытайық. Өңірдегі басталып жатқан шараладың мән-мағынасына терең бойлап, тиісті деңгейде өткізуге тілектеспін, – деп салтанатты шараны алғы сөзімен ашқан облыс басшысы Ғали Есқалиев ұлы ақынның мерейтойы аясында жыл ішінде мазмұнды шаралар, мәнді жобалар өткізілетінін атап өтті.
Кеш барысында Ахмет Жұбановтың Абай операсындағы «Қарлығаш» әніне қойылған хореографиялық композиция ұсынылды. Абайдың қара сөздері мен поэзиясы, өзге тілге аударылған шығармалары оқылып, әндері шырқалды. Ал «Көзімнің қарасы» әнін М.Өтемісов атындағы БҚМУ және Құрманғазы атындағы саз колледжінің хоры залға жиналған көрермендермен бірге орындады.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Мыңбаеваның айтуынша, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай облыста 800-ден аса іс-шара жоспарланған. Оның 115-і ауқымды шаралар. Халықаралық деңгейде 4, республикалық деңгейде 6 шара өтеді.









Соңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу