8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Сәуір 2020 1383 0
Өзек

БҚО-ДА 100 АДАМ СТАЦИОНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

БҚО-дағы коронавирус инфекциясын жұқтырған екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаев мәлімдеді.

– 29 наурызда Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекциясының (COVID-19) екі жағдайы тіркелген болатын. Екі пациент те облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қажетті емдерін алуда. Қазіргі уақытта екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Бүгінгі күні барлығы 100 адам стационарларға орналастырылған. Жұқпалы аурулар ауруханасында – 2 адам, Кумыска кентіндегі провизорлық госпитальде – 57 адам, Бәйтерек ауданында ЖРВИ белгілері бар – 13 адам, облыстың карантиндік госпиталіне аурумен қарым-қатынаста болған – 28 адам жатқызылды.

– Соңғы уақыттарда шетелдерде және еліміздің көптеген аймақтарында коронавирустық жұқпаның тіркелу оқиғасы көбеюде. Соған байланысты тұрғындардан үйлеріңізден көп шықпауға және жеке гигиена талаптарын сақтауға шақырамыз.  Сабынмен қолды жиі және мұқият жуу, қолға арналған спиртті антисептиктерді пайдалану, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, сырқат адамдармен қатынаста болмау, суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) дереу үйге жедел жәрдем шақыру керек,  – деді Нұрлыбек Мұстаев.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
143 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
386 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»