8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2021 1286 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА 1 СӘУІРДЕН БЕРІ 57 ОҚУШЫДА КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін, 9  сәуір күні өңірлік коммуникациялар қызметі  ұйымдастырған брифингте Батыс Қазақстан облысындағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайы мәлім етілді. 

20 наурыздан бастап БҚО өңірі коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта. БҚО санитариялық-эпидеиологиялық бақылау департаментінің  басшысы М.Арыспаевтың мәліметінше, 1 сәуірден бері COVID-19 инфекциясының  864 жағдайы анықталды. Аталған жағдайлар ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 450 адамда, жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 256 адамда, профилактикалық мақсатта тексерілген 147 адамда және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 11 адамда анықталды.

1 сәуірден бастап КВИ жұқтырған науқастармен қарым-қатынастағы 1523 адам анықталып, медициналық бақылауға алынды. Соңғы аптада (02.04-08.04.2021ж.) өткен аптамен (26.03.-01.04.2021ж.) салыстырғанда аурушаңдықтың 14 пайызға (653-тен 760-қа) өсуі байқалады.

Кәсіби құрамы бойынша коронавирус инфекциясы жұмыс істейтін адамдар, зейнеткерлерден көбірек анықталған. 1 сәуірден бері оқушылар арасында 57 жағдай тіркелген.

Қаңтар айында 1837, ақпан айында 1950, наурыз айында 2138, сәуір айында 864 жағдай тіркелді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
377 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»