БҚО АУМАҒЫНДА «ТЕРЕЗЕНІ ЖАП – ҮЙДЕ БАЛА БАР» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ
Көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлауын алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар Департаменті «Терезені жап – үйде бала бар» акциясын ұйымдастыруда.

БҚО ТЖД хабарлағандай, акцияның мақсаты отбасы жағдайында балалардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алуы, ата-аналардың назарын балаларды қадағалау қажеттілігіне аудару, үй-жайда қараусыз қалдырмау.
Департаментпен «Балаңызда қанат жоқ» тақырыбында плакаттар әзірледі. Плакаттар көп қабатты үйлердің хабарландыру тақталарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орнатылды.
Акция аясында пластикалық терезелер орнатумен айналысатын кәсіпкерлер арасында #БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС челленджі жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда аталған челлендж аясында 11 көп балалы отбасының үйлерінде терезелерді ашудың қауіпсіз құрылғылары орнатылды.
Сондай-ақ, аталған акцияға Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар бірлестігі белсенді қатысуда, олар өз кезегінде балалардың қауіпсіздік құрылғыларына шұғыл мұқтаж көп балалы және аз қамтылған отбасыларды іздестірумен және тізімін қалыптастырумен айналысуда.

Еске сала кетейік, мамыр айының 9-10 күндері Оралда 5 және 7 жасар екі бала терезеден құлаған еді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу