8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қыркүйек 2023 1488 0
Қоғам

БҚО алдыңғы қатарда


Кеше өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов биылғы 8 айдың қорытындысымен негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша БҚО облысы өңірлер арасында алдыңғы қатарда екенін мәлім етті.

Жайық өңірі қаңтар-тамыз айларында құрылыс саласында 145,4%, жеке инвестициялар көлемі бойынша 142,3%, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көрсеткіш 119,8% құрады.

Аймақта мұнай қорының сарқылуына байланысты кезек күттірмейтін шаралар қолға алынды. Инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасалды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беріліп, ауыл шаруашылығы өнімділігін, экспорт көлемін арттыру алдыңғы орынға шықты. Өнім өндіруге ынталы азаматтарға мемлекеттік гранттың, жеңілдетілген несиелердің мүмкіндіктері түсіндірілді.

Мұнан бөлек, БҚО облысы құрылыс жұмыстарының көлемі мен бюджетті игеру бойынша республикада екінші орында.

Жиыннан соң облыс әкімі Нариман Төреғалиев Үкімет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде мәжіліс өткізіп, бірқатар нақты тапсырма берді.

@zhaiyk_uni

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
142 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
127 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
354 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»