БӘЙТЕРЕКТІКТЕРДІҢ КӨРМЕСІ КЕРЕМЕТ!
ҚР Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын дәріптеу мақсатында бүгін түсауа Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының көрме залында Бәйтерек ауданының сурет және қолөнер шеберлерінің көрмесі болды.

Жақында ҚР Президентінің Жарлығымен Бәйтерек деген тамаша есімді алған бұл аудан жыл басын Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында рухани жаңғыру жұмыстарынан бастауды жөн көрген екен. Өз қолдарымен жасаған бірнеше еңбектерін елуден астам көрерменнің назарына ұсынып, келушілердің қызығушылығын арттырған көрменің ашылуында Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбеков осындай тың жобаны жүзеге асырып, қолдау білдірген облыстық мәдениет басқармасына және аталмыш орталықтың директоры Бауыржан Халиоллаға ауылдастары атынан зор ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, керемет көрмені қызықтағандар арасында Бәйтерек ауданының «Құрметті азаматы», академик, ҚазИИТУ білім-ғылым кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов те бірге болып, құттықтау сөз сөйледі. – Алдымен, осы жылдың басында ауданымыздың есімі жаңарды. Бәйтерек деген сөздің өзі киелі, тамыры тереңге жайылған деген ұғымды, мағынаны білдіреді. Біздің ауданда көп ұлтты халық, жастар тату-тәтті өмір сүріп, Тәуелсіздіктің жемісін бірге көруде. Қазір осы көрмеден өздеріңіз тамашалап тұрғандай, кең байтақ Қазақстанның және біздің Ақ Жайықтың, Бәйтеректің сұлу табиғаты бейнеленген. Ұрпақтан-ұрпаққа өнеге болар құндылықтар, тарихи ескерткіштер ауданымызда өте көп. «Ұлы даланың жеті қырын» шебер суретшілеріміз салған дүниелер арқылы да әлемге мақтан ете аламыз. Бәйтеректен бақытты ұрпақтар мен талантты жастар шыға бермек. Олар осындай жақсы істерге үлестерін қоса бермек, – деді.

Осы көрменің басы-қасынан табылған ҚР Суретшілер Одағы БҚО бөлімшесінің төрағасы, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Қайыр Оразғалиев Бәйтерек ауданында тұратын қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан бірнеше туындыларға, бояу арқылы сөйлеткен шеберліктеріне тәнті болып, шығармашылық табыс тіледі. Көрмеге келушілерге және қонақтарға ризашылығын айтқан ақын Бауыржан Халиолла Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын дәріптеу мақсатында осындай үрдістің жалғасын табатынын жеткізді. Көрмені баршаға жамағатқа Бәйтерек ауданының тарихи өлкетану музейінің директоры Ерназар Аманкелдіұлы жан-жақты таныстырды.
Өз тілшіміз.
Суреттерді түсірген Қ. Мырза Әли орталығы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу