8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Маусым 2021 1650 0
Қоғам

БҮГІН – МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «бәсекелестік елдің ұлттық идеясы» болып айқындалып, «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысымен «7 маусым — Монополияға қарсы орган қызметкерлері күні» болып жарияланған болатын. Осы аптаның дүйсенбісінде монополияға қарсы орган қызметкерлері күні алғаш рет атап өтілді.

1991 жылғы 7 маусым – Қазақ КСРО Президентінің Жарлығымен еліміздің алғашқы монополияға қарсы ведомствосы Қазақ КСР Мемлекеттік комитеті құрылды. Жаңа ведомство «Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақ КСР Заңын тиімді іске асыру үшін құрылған. Бірқатар қайта құрудан кейін 1994 жылы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті Баға жөніндегі комитетпен бірігу жолымен қайта ұйымдастырылды және ұзақ уақыт бойы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитет болып жұмыс істеді.

1994-1999 жылдары республикада экономикалық дамудың бірнеше жалпымемлекеттік бағдарламалары, оның ішінде «Үкіметтің реформаларды тереңдету және экономикалық дағдарыстан шығу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы» қабылданды. Бағдарлама шеңберінде монополияға қарсы қызмет және бәсекелестік саясат саласында сауданы монополиясыздандыруға, жүк тасымалдауға, сыртқы саудаға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыру көзделді. Бұл шаралар Үкіметтің бәсекелес ортаны дамыту және монополистік қызметті шектеу жөніндегі шаралар кешенін одан әрі жүзеге асыруды көздеген алғашқы қадам болды.

Бірнеше қайта құрудан кейін 2003 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып қайта құрылды. Құрамына Статистика агенттігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі және Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі кірген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі құрылған 2014 жыл Бәсекелестік саясатты белсенді дамыту үшін айқындаушы жыл болды.

2015 жылы бәсекелестік практикаға Yellow Pages Rule қағидаты енгізілді, оның мәні салауатты бәсекелес ортаны қолдау үшін мемлекеттік компаниялардың еншілес құрылымдар құруын шектеу және бизнес бар экономика салаларына мемлекеттің араласуына жол бермеу болды. Бұдан басқа, заңнамалық өзгерістер арқылы монополияға қарсы органның рөлі күшейтілді. Енді мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет қатысатын (50%-дан астам) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерін кеңейту және өзгерту үшін монополияға қарсы органның алдын ала келісімін алу талап етіледі. Сондай-ақ жыл сайын жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның бәсекелес ортаға берілуі тиіс квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тізбесін қалыптастыру құқығы көзделді.

ҚР тұңғыш Президентінің «Nur Otan» партиясының XVI съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзі маңызды оқиға болды. Елбасы әлемдік геосаяси және экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ұсынды. Осы жоспардың қадамдарының бірі (53-ші) ретінде Мемлекет басшысы монополияға қарсы қызметтің жұмыс тұжырымдамасын өзгерту және оны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру қажеттілігін айқындады. Бұдан басқа 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауында монополияға қарсы қызметті күшейтудің маңыздылығын және еркін әрі салауатты бәсекелестік үшін жағдай жасау шеңберінде реформалар жүргізу қажеттігін атап өтті. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру бойынша екі кезеңдік тәсіл туралы шешім қабылданды.

Бірінші кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев оған «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының нормалары имплементацияланған ҚР Кәсіпкерлік кодексіне қол қойды, сондай-ақ монополияға қарсы реттеуді ырықтандыруға, қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманың нормаларын оның мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, үздік әлемдік практикаға сәйкес келтіруге, бизнес субъектілерінің өсуін ынталандыру және ірілендіру мақсатында әкімшілік кедергілерді және бизнеске әкімшілік жүктемені төмендетуге бағытталған жаңалықтар көзделген.

2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Президентке тікелей есеп беретін жаңа Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды. Жаңа Агенттіктің негізгі міндеті бәсекелес ортаны құру болып табылады. Бұл экономиканы мемлекет иелігінен алуды, бәсекелестік алаңды өзгертуді, барлық кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндіктер жасауды, нарықтарды монополияландыруды тоқтатуды білдіреді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
131 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
168 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
414 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
896 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1273 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1164 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1632 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2249 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2414 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2421 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2472 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2477 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2079 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2956 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3009 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3003 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3618 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3585 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3576 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3551 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3712 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»