БҚАТУ ректоры Үкімет отырысына қатысты
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен отырысқа Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына еншілес жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.
Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын тігінен интеграцияланған агротехнологиялық хаб ретінде қайта құруды тапсырғаны белгілі. Қазіргі уақытта аталмыш орталықтың құрылымын қайта ұйымдастыру бойынша еншілес ұйымдардың өкілдері ұсыныстар әзірлеп жатыр. Үкімет отырысында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Қаз ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жұмыстары мәлім болды.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметов оқу орнында бүгінде өндіріске ғылыми жетістіктерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. – Біз жануарларды генотиптеу бойынша қызмет көрсетеміз, 60 асыл тұқымды шаруашылықпен толық ғылыми жағынан көмектесуге шарттар жасастық, 6,5 мыңнан астам генотиптеу үлгілері жүргізілді. Шаруа қожалықтары базасында қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малының 4 зауыттық желісі, «Бішкөл» құс фабрикасы базасында үйректердің 1 кросс және 2 зауыттық желісі құрылды. «Әлем» ШҚ-да Көшім жылқы тұқымының Жәнібек түрі құрылды. Жануарлардың жараларын емдеуге және жұқпалы ауруларға қарсы фитокомпоненттерге негізделген екі антисептикалық препарат жасалды, – деген Асқар Мырзахметұлы БҚАТУ-дың басқа да ғылыми жаңалықтарымен бөлісті.
Премьер-министрдің орынбасары С.Жұманғарин жоғары оқу орындары қызметінің тиімділігін арттыру және аграрлық сала үшін кадрлар даярлау жөнінде ұсыныстар жасауды тапсырды.
БҚАТУ медиа орталығы
(сурет https://primeminister.kz/ сайтынан алынды)
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру