БҚАТУ ғалымдары 30 жылдық тәжірибемен бөлісті
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Жер қатынастары және жерге орналастырудың тұрақты дамуы: 30 жылдық тәжірибе мен болашақ бағдар» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.

Ғылым айлығы аясында «Жерге орналастыру»және «Кадастр» білім беру бағдарламаларының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс беруші компания өкілдері, бизнес серіктестер, түлектер қатысты.
Шара барысында Жәңгір хан университетіндегі«Жерге орналастыру және кадастр» мамандықтарының құрылу тарихы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар «Жерге орналастырудың тұрақты даму қағидаттары және оларды іске асыру тәжірибесі», «Жерге орналастырудың қазіргі жағдайы және даму перспективалары», «Жерге орналастыру жұмыстарын жетілдірудің инновациялық әдістері» тақырыбында баяндамалар оқылды.
Ғылыми-практикалық семинар соңында аталған білім беру бағдарламалары бойынша тараптардың өзара ынтымақтастығын арттыру мақсатында «Түлектер мен жұмыспен қамтушылар қауымдастығы» консорциумын құру туралы шешім қабылданды.
Жәңгір хан университетінде жерге орналастыру мамандарын даярлау 1996 жылы басталып, екі жылдан соң «Жерге орналастыру» кафедрасы құрылды. Жерге орналастыру мамандығы бойынша алғашқы университет түлектері 2001 жылы қолдарына дипломдарын алып, еңбекке араласты. 2005 жылдан бастап мамандық атауы «Жерге орналастыру және кадастр» деп өзгертілсе, 2006 жылы бұл мамандықтар екі бағытқа бөлінді. «Жерге орналастыру» және «Кадастр» мамандықтары отыз жыл ішінде заман талабына сай жаңғырып, жер қатынастары саласын кәсіби мамандармен толықтырды. Осы уақыт аралығында 600-ден астам маман мен 50-ден астам магистр даярланды. Қазіргі уақытта Жәңгір хан университетінде 200-ден астам білім алушы бакалавр және магистратура дәрежелері бойынша осы мамандықтарда оқып жатыр.
БҚАТУ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді
От хроники к будущему: в Казахстане стартует кинолекторий ТРК Президента
Қоғамдық топтасу: әлеуметтік сауалнама Президент саясатына ауқымды қолдауды айқындады
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Казахстан оказался самым экономным потребителем воды в Центральной Азии
БҚО-да ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттері жаңғыртылуда
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды
БҚО-да полиция қызметкерлері қорқытып ақша талап ету дерегінің жолын кесті

Кіру