«ҚАЗИЕВТЕР – КҮЙШІЛЕР ДИНАСТИЯСЫ»
Оралда дәулескер күйші Есел Қазиевтің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.
Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда өткен кеш Есел Қазиевтің және оның ұрпақтарының күйшілік ғұмырына арналған «Күй – киелі ғұмыр» атты кітаптың тұсаукесерімен айшықталды.

Кітапты құрастырушы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Кәрима Сахарбаева. Еске алу кешіне арнайы Алматыдан жеткен Кәрима Сүндетқызы кітаптың шығарылуы туралы терең толғаныспен әңгімелеп, атадан шөбересіне дейін күйшілік өнер дарыған Қазиевтер әулетін Қазақстандағы жалғыз күйшілер династиясы екенін ерекше атап өтті.

– Есел ағамыз туралы кітап шығаруда ол кісінің өткен өмірі, дүниетанымымен танысқым келді. Ол оразасын – күймен ашып, кешкі ұйқының алдында да күй ойнайды екен. Есел Қазиев өзі орындаған күйлерінің бәрінің тарихын айтып таратқан. Мен ақын да, жазушы да емеспін. Бірақ, осындай тұлғалар туралы, күй өнері хақында бір кітап қалдыру керек деп санадым. Сондықтан, ғылыми-зерттеу ретінде жергілікті ақын, жазушы, зерттеушілердің жазбаларына сүйене отырып жинақтадым. Бұл шаңырақта Т.Жараков, М.Шолохов, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Жантілеуов сынды зиялылар, өнертану ғылымының докторы Б.Қарақұлов және басқалары да болған. Әулеттің күйшілік өнеріне тамсанып, жазып қалдырған. Өзім алғы сөзін жазып, кітаптағы бірінші мақаланы М.Дошманұлының «Домбырашы Есел туралы бір ауыз сөз» мақаласынан бастадым. Өйткені, Есел ағаны таныстыруда, күйшілік қасиетін жазуда еңбегі зор. Өзгертпей, осы жинаққа салдым. Молдағали Дошманұлы Есел ағаның Құспан деген досы болғанын жазады. Құспан ағаның сөзінен ұққаным – Есел ағамыздың күй шығарушылық қасиеті де болған. Бірақ, қарапайымдылығы сол – оны өз атынан ортаға шығармаған. Есел күйші сол кісіге айтқан сөзінде: «Мен – бақыттымын. Ермек балам менен озып кетті. Елге танымал болды. Барлық қыздарымды музыкалық оқу орындарында оқытудамын. Менің еңбектерімді солар нотаға түсіріп, таратады» деген екен. Сондай-ақ ақындығы да бар. Бұдан бөлек әншілік, зергерлік, аңшылық қасиеттердің барлығы Есел ағамыздың бойында болған. Осы кітапқа Есел ағамыз туралы бар мәліметті жинақтауға тырыстық. Ұрпақтары Ермек аға, Асылғаным, Ермек туралы өзім барынша қырларын ашып жазып шықтым, – дейді профессор Кәрима Сахарбаева.

Еске алу кеші Кәрима Сахарбаева архивтен тауып әкелген Есел Қазиевтің өзі ойнаған қос күймен басталды.
Бұдан әрі Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі және жеке орындауда «Құрмет» орденінің иегері Қатимолла Бердіғалиев, республикалық конкурстардың лауреаттары күйші Едіге Нәбиев, Жасұлан Зинеденов өнер көрсетті. Есел Қазиевтің балалары – Ермек Қазиев, Асылғаным Еселқызы, Асылхан Қазиевтер, күйшінің шөбересі Мирас Қами күйші Есел орындаған күйлерді орындады.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу