Азаматтық танытқан учаскелік полиция инспекторы
4 сәуірде «Вымпель» саяжай қоғамының бір тұрғынын Шаған полиция бөлімінің қызметкерлері көктемгі су тасқынының құрсауынан құтқарды.

Бұл азамат дәл осы күні қас пен көздің арасында саяжайдағы үйінің бел ортасынан аса тасқын су жиналып, үйдің шатырына әупірімдеп көтерілгенін айтып, саяжай төрағасына хабарласады.
Бүкіл шақыртуларға лезде келіп, қоғамдық қауіпсіздікте күндіз-түні қызметте жүретін полиция қызметкерлеріне телефон шалған саяжай төрағасы өзінің аймағына жауапты Шаған полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің #21 учаскелік полиция пункітінің аға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Утепов Дидарға үйі су астында қалған саяжай тұрғыны туралы оқиғаны баяндайды.
Д.Утепов төтенше жағдай бойынша басшылыққа баяндап, оқиға орнына аттанады. Ал, полиция қызметкерлері өз кезегінде қалалық төтенше жағдайлар бөліміне де дереу мәлімет жібереді.
Саяжай иесінің айтуы бойынша белден жоғары су ортасында қалған мекен-жайға барған Шағандық сақшылар үйдің су ортасында қалғанын, жеке мүліктердің су бетінде қалғанын көреді. Әуелі азаматты үй шатырынан түсіріп, қайыққа отырғызып, жағалауға шығарды. Одан әрі құтқарылған азаматты тәртіп сақшылары Деркул ауылындағы уақытша тұрағы жоқ, үй- жайсыз қалған тұрғындарға арналған эвакуациялау пункітіне жеткізіп, қауіпсіз аймаққа орналастырды.
Қала тұрғыны Шаған полиция бөлімінің қызметкерлеріне, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушыларына алғысын жеткізіп, қауырт жұмыстарына сәттілік тіледі.
Анықталғанындай, азамат екі күн бойы саяжайда болған. Кейін оның телефонының қуаты таусылып, ал, жұбайы дабыл қағады. Абырой болғанда, бәрі сәтті аяқталады. Ер адам қауіпсіз аймаққа жеткізілді.
БҚО ПД баспасөз қызметі Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру