8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қыркүйек 2018 3560 0
Қоғам

«Қазақтың қайта өрлеуі Құрманғазыдан басталған…»

Құрманғазы бабамыздың 200 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтуде. Дәулескер домбырашының мерейтойына арналған республикалық деңгейдегі шаралар өңірімізде ұйымдастырылуда. 19 кыркүйек күні Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында күй атасы атанған, ұлы күйші-композитор, өнерінен өнеге дарыған Құрманғазы Сағырбайұлының ғұмырнамасының ақиқатын, күйлерінің шығу тарихын, шығармашылық-қайраткерлік болмысын сипаттау мақсатында «Жаһандану әлемі және Құрманғазы Сағырбайұлының мәңгілік мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, ғалымдар, өлкетанушылар мен тарихшылар зерттеу жұмыстарымен бөлісті.

Дәл осы күні Тұңғыш Президент алаңында өткен «Нағыз қазақ домбыра» атты кең ауқымды акциясында 1700 домбырашы Құрманғазының «Балбырауын», Адай» күйлерін орындап, Қазақстан рекордын жаңартты. Бұл тарихи сәтті Қазақстан рекордтары кітабына» рекордтарды тіркеу департаментінің директоры, «Ғалым баспасының бас редакторы Бақытжан Тастүлеков куәландырып, облыс әкімі Алтай Көлгіновке сертификат пен «Қазақстан рекордтар кітабын» табыс етті. Аталмыш сертификат рекордты жаңартуға ұйтқы болған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, күйші Айтжан Тоқтағанға, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші Орынбай Дүйсенге, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, күйші-домбырашы Айгүл Үлкенбаеваға, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, күйші, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония артисі Ермек Қазиевке, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры, күйші Нұржан Сертековке және «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығы және «Құрмет» орденінің иегері, Дәулеткерей атындағы ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Еркін Нұрымбетовке берілді.

Жастар шығармашылық орталығында «Ұлы дала мұрасы» атты домбырашылар байқауы басталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 18 домбырашы қатысуда. Республикалық байқау 20 қыркүйек күні жастар мәдениет үйінде қорытындыланып, гала-концерт өтпек. 

  

            Заман тынысын қос ішекпен бейнелеп, алуан күй тудырған Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына – 200 жыл. Бозбала шағынан көкірегін кернеген күй әлеміне бет түзеген күйшінің жолы тегіс болмады. Қолы бірде бұғауда болса, бірде домбырада болды. Бұл – Құрманғазының күй ғұмыры. Арада екі ғасыр өтсе де күйшінің мұрасы ұрпақтан ұрпақ жетіп, елімен бірге жасап келеді.  Халқымыз үшін күй мен Құрманғазы есімі бір-бірімен астасып кеткен ұғым. Ол ұлтымызға, елімізге ортақ, адамзат мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырған тұлға. Конференция мәжілісін ашқан облыс әкімі Алтай Көлгінов өнерімен, өр мінезімен ұлтының ұйытқысы бола білген Құрманғазы Сағырбайұлының есімін ұлықтау жолында облысымызда жүргізіліп жатқан жұмыстарды жеткізді.

–  Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері – ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні. Бұлар – біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» деп атап өтті. Нарын құмында дүниеге келіп, қара шанақтан төгілткен күйімен туған халқын ұйытқан Құрманғазы бабамыз – музыка әлеміндегі сөзсіз ұлы тұлға. Жазушы, өнертанушы, этнограф Ақселеу Сейдімбек белгілі тұлғалардың тарихтағы орнын безбендей келе: «Еуропа  ренессансының  Данте мен Джоттодан басталып, Байронмен  аяқталатыны сияқты, қазақтың қайта өрлеуі Құрманғазыдан басталып, Абаймен тұйықталғандай. Бұл жай ғана әсіре теңеу емес, терең зерттеп тануды қажет ететін тарихи ақиқат. Құрманғазы – қазақ ренессансының алғашқы жез қанат қарлығашы» деген болатын. Күй атасы Құрманғазы өз туындыларымен жауының мысын басып, халқының намысын қайрады. Исатай мен Махамбет бастаған күрес тұсында «үлкен ағам Исатайға кіші інісі Құрманғазыдан» деп «Кішкентай»  атты күйін шығарды. Өнерімен, өр мінезімен ұлтының ұйытқысы бола білген Құрманғазы Сағырбайұлының есімін ұлықтау жолында облысымызда толымды жұмыстар жүргізілуде. Орал қаласында даланың дархандығын бойына жиған құдіретті күйшіге арналған ескерткіш тұрғызылып, көшеге есімі берілді. Күллі қазақ өнерінің қас шебері, күй атасы атанған Құрманғазы бабамыздың ЮНЕСКО көлемінде аталып жатқан екі ғасырлық мерейтойы қарсаңында «Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» атты арнайы жасақталған экспедицияның Орал қаласынан шығып, Ресей Федерациясының Астрахань облысының Алтынжар ауылындағы күйшінің басына тəу ету мақсатында оның ізі қалған жерлерге арнайы барып, зерттеу жүргізуі рухани сілкініс болды. Экспедиция мүшелері осы жұмысы арқылы домбыраның қазақтың жаны екенін тағы бір мәрте дәлелдеп келді. Қазақ халқы күй атасын өз Отаны мен халқына деген сүйсіпеншілігі үшін құрмет тұтып, оны әрқашан есте сақтайды және келер ұрпақ соны құрметтейді деген зор сенімдеміз, – деді Алтай Сейдірұлы.

Өлкетанушы, мәдениет саласының ардагері Жайсаң Ақбай Досболатұлы Құрманғазының мерейтойы – күй мен домбыраға құрмет екенін атады.

– Ғасырдан астам уақыт бұрын қазақ музыкасын жинаушы А.Затаевич «Бөкей күйлеріне» ерекше басымдық берген. Күй атасы – Құрманғазы, күй анасы – Дина, дәулескер күйші – Дәулеткерей Бөкей Ордасында дүниеге келген. Нарынның құмы осындай ұлыларды дүниеге әкелді. Бұл – біздің мақтанышымыз. Этнограф, жазушы, суретші Н.Cавичев «Из виденного и слышанного» әңгімесінде: «Сағырбаев – сирек кездесетін музыкалық тұлға, егер бұл адам еуропалық білім алған болса, музыка әлеміндегі ең биік жұлдыз болар еді» деп баға берді. 150 жылдай бұрын айтылған осы сөз – бізге әрқашан жылы естіледі.Құрманғазы мен күй, күй мен домбыра – егіз. Домбыра –  сөзсіз сөйлейді. Сөзсіз сөйлеуі 13 ғасырдан бастау алды. Міне, сол уақыттан бері күй келе жатыр. Ал күйдің ең шарықтау деңгейін көрсеткен Құрманғазы. Сағырбаевтың күйлерін бүгінгі күнге оның шәкірттері, одан кейінгі орта және кейінгі буын күйшілері мен зерттеушілер мейлінше бояуын бүлдірмей жеткізді. Жастардың да домбыраға құрметпен қарауы маңызды. Елімізде домбыраға кұрмет көрсетіліп, «Ұлттық домбыра күнінің» мемлекеттік мереке болып бекітілуі – тәуелсіздігіміздің арқасы, – деді Жайсаң Досболатұлы.

Ал күйші-домбырашы, ұстаз, фольклортанушы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Айтжан Тоқтаған төкпе күй дәстүрінің тамаша жетістіктері ең алдымен Құрманғазының есімімен байланысты екенін айтып, күй мәдениетіндегі ерекше тұлға дәстүрлі домбыра өнерін жаңа жетістіктерге жеткізгенін атап өтті.

– Құрманғазы – домбыра өнеріне көптеген жаңалық енгізіп, оның әрі қарай дамуына зор үлесін қосқан дарынды тұлға. Оның енгізген жаңалықтарын күйлерінің мазмұнынан, әуені мен композициялық құрылымынан, орындау тәсілдерінен аңғаруға болады. Солардың бірі – күйдің екінші, яғни үлкен сағасы. Күйдің мұндай шарықтау шегін Құрманғазыға дейін және онымен қатар өмір сүрген басқа күйшілер де қолданған, бірақ үлкен саға деңгейі Құрманғазының шығармаларында ғана күйдің жеке бөлімі ретінде қалыптасты. Құрманғазының енгізген тағы бір жаңалығы – екі әуеннен тұратын күй құрылымы. Бұл төкпе күй құрылымының ерекше түрі. Екі әуеннен, яғни музыкалық тақырыптан тұратын күйлер қатарына «Ақбай», «Алатау», «Кісен ашқан», «Аман бол, шешем, аман бол» сияқты күйлерді жатқызуға болады. Құрманғазы кейбір шығармаларында төкпе күй дәстүрінде бұрын-соңды кездеспеген жаңа әдіс-тәсілдерді қолданған. Мысалы, «Кішкентай», «Серпер» күйлеріндегі бас буынның, кіріспенің жалғыз дауысты болуы, «Машина», «Серпер», «Бұлбұл» күйлеріндегі қатар жүретін секундалар, тритон үндестігі –  орындаушылықтың жаңа әдістері. Құрманғазының музыкасы жігерлі, қайсарлы мінезімен, даму барысының белсенділігімен, жарқын мазмұндылығымен ерекшеленеді, – деді Айтжан Есенұлы.

Күйші-ұстаз Айтжан Тоқтаған атап өткендей, бүгінде музыкалық мектептер мен колледждерде, жоғарғы оқу орындарында домбырашыларды даярлау бағдарламаларының бірі Құрманғазының жеке орындаушылық шығармашылық дәстүрі бойынша жүзеге асырылады. Әйгілі күйшінің өмірі мен шығармашылығы А.Жұбанов, П.Аравин, Б.Байқадамова сынды музыка зерттеушілерінің еңбектерінде қамтылған. Дегенмен, өнері әлі толық зерттелуі қажет.

Конференцияның секциялық жұмысында ҚР еңбегі сіңген қайраткері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының халық музыкасы бөлімінің деканы, өнертану кандидаты К.Сахарбаева, педагогика ғылымдарының докторы, академик, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ профессоры М.Ержанов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ мәдениет және өнер факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Қыдыршаев Құрманғазы бабамыздың ғұмыр кешкен уақыты мен бүгінге дейін жеткен күйлерін зерттеудегі жұмыстарымен таныстырды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
126 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
385 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
643 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
884 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
919 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1073 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1267 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1501 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1588 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1697 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1706 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1735 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1740 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1843 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2064 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2371 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»