8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қаңтар 2024 2446 0
Қалалықтар қаперіне

Қазақстанда вейп сатқандарға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмақ

Мәжіліс Қазақстанға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салатын заң қабылдады. Құжатта тәртіп бұзушыларға қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

«Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда вейптерді заңсыз айналымға шығарғандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:

  • вейп сатқаны үшін тағайындалатын ең жоғары жаза – 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • әкеліп әрі таратқаны үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер үшiн – 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Сонымен қатар медициналық қызметкерлерге емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау мүмкіндігін беру үшін медициналық көмек көрсету кезінде міндетті түрде клиникалық хаттамаларды қолдану алынып тасталды. Еске сала кетейік, бұған дейін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда вейп пен электронды темекінің айналымына тыйым салу туралы шешім шығаруды талап еткен. Ал мәжіліс депутаттары екінші оқылымда вейп таратуды реттейтін заң қабылдады. Құжат республикаға вейптерді әкелуге, өндіруге және сатуға тыйым салуды қарастырады.

Дереккөз: stan.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
45 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
94 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
281 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»