Қазақстанда енді колледжге түскісі келетіндер төрт мамандық пен төрт оқу орнын таңдай алады
Техникалық және кәсіптік білім беру бағытында колледжге түскісі келетін талапкерлерге бірнеше мамандықты таңдау мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова мәлім етті.
«Президент тапсырмасына сәйкес, біздің министрлік кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты даярлауға көшті. Бұл үшін кәсіпорын колледжбен мақсатты дайындық туралы шарт жасасады. Осылайша кәсіпорын өз базасында педагогтер мен студенттердің практикасын ұйымдастыру, түлектерді жұмысқа орналастыру міндетін өзіне алады. Аталған шара болашақ кадрдың жұмыс берушінің талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді. Себебі олар білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Сондай-ақ студенттен қорытынды емтихан қабылдап, практикадан өткізіп, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа алады», – деді Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Қазақстанда жоғары оқу орындарына берілетін гранттар 75 мыңға дейін өседі
Үш аптада фельдшер мен мейірбике дипломын береміз деген: Алматыдағы жекеменшік оқу орталығында шу шықты
Министрлік өкілінің айтуынша, биыл колледждерге құжат қабылдау 20 маусымнан басталады.
«Осы жылдың өзінде кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мыңнан астам талапкерді қамту жоспарланып отыр. Әр талапкердің 4 мамандық пен 4 колледжді таңдауға мүмкіндігі бар. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін 4 баллға дейін шекті бал және эссе жазу талабы бар», – дейді ол.
Бұған дейін департамент басшысы техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік тапсырыстың артқанын айтқан еді.
Stan.kz
Версия для печати
Пікір үстеу