8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қыркүйек 2020 2943 0
Қоғам

ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ БҚО ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО бойынша филиалының төрағасы болып ақын, журналист Бауыржан Халиолла тағайындалды.

 

27 қыркүйек күні Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО бойынша филиалының пленарлық отырысы өтті. Басқосуды Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет жүргізді. Алдымен атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен бірге биыл 80 жасқа толған ақын Айтқали Нәріковті Қазақстан Жазушылар одағының атынан құттықтап, алғыс хат ұсынып, шапан кигізді.

Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО бойынша филиалының төрайымы қызметінен өз еркімен босаған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның иығына камзол жауып, атқарған қызметіне ризашылығын білдірді. Облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев ақын Ақұштап Бақтыгерееваның Ақжайықтың абыройын асқақтатып, мәдени-саяси іс-шараларда сүбелі үлес қосып жүргенін зор ілтипатпен айтып өтіп, облыс әкімінің алғысхатын табыс етті.

Бұдан кейін Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, жазушы Мереке Құлкенов сөз алып, одақ секретариатының бірауыздан шешімімен филиал директоры болып ақын Бауыржан Халиолла тағайындалғанын жеткізді.

Пленарлық отырысқа қатысушы ақын-жазушылар Айтқали Нәріков, Ғайсағали Сейтақ, Мира Шүйіншәлиева, Бауыржан Ғұбайдуллин, Амангелді Шахин, Дариға Мұштановалар сөз алып, өз пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ  Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бойынша филиалының төрайымы қызметін атқарған Ақұштап Бақтыгерееваға ризашылықтарын білдіріп, жаңа төраға Бауыржан Халиоллаға  зор сенім артатындарын жеткізді.

Айта кетейік, Бауыржан Халиолла – Сырым ауданында дүниеге келген, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Ақын, айтыскер, журналист. Халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпаз-жүлдегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. 2016 жылдан бері  Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры қызметін атқаруда.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
12 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
22 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
28 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
89 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
68 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
80 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
149 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»