Қазақстан тарихының көптөмдығы дайындалуда
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Алматы қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы Археология институтында «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жаңа академиялық басылымды әзірлеп жатқан жетекші ғалымдармен кездесті.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы қаңтарда жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында заманауи ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, Қазақстан тарихының көптомдығын дайындау туралы бастама көтерген болатын.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, сондай-ақ томдардың редакциялық алқаларының жетекшілері мен мүшелері — Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғар, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Болат Көмеков, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары Жомарт Жеңіс, Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтының бас ғылыми қызметкері Айболат Көшкімбаев, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпараттық орталығының директоры Меруерт Әбусейітова, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары Шәмек Тілеубаев, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған көптомдықты әзірлеу жұмысы туралы Мемлекеттік кеңесшіге ақпарат берді.
Жиында Ерлан Қарин Қазақстан тарихы туралы академиялық басылымды әзірлеу барысының аралық қорытындысын жасады.
Мемлекеттік кеңесші көптомдықтың дайындық дәрежесін бағалай отырып, осы ғылыми жобаны жүзеге асыру ұтымды әрі объективті көзқарастарды, барлық тарихи фактілерді, материалдар мен құжаттарды жан-жақты зерделеуді және соңғы жылдардағы ғылыми жаңалықтарды айналымға енгізуді қажет ететінін атап өтті.
Бұл жобаға 5 ғылыми институт, еліміздің 250-ден және шетелдің 60-тан астам тарихшы ғалымдары жұмылдырылды.
Көптомдыққа 40-тан аса археологиялық зерттеу материалдары, тарих, археология және этнография салалары бойынша 300-ге жуық еңбек енеді.
Академиялық басылымды дайындау барысында халықаралық форумдардың, көптеген ғылыми конференцияның, дөңгелек үстелдер мен әдістемелік семинарлардың аясында арнайы секциялар өтті.
Осы іс-шараларда ғылыми зерттеулердің нәтижелері тексерілді, сондай-ақ ғалымдардан, сарапшылардан және мамандардан ұсыныстар алынды.
Дереккөз: kazinform.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру