Қазақстан СПЕКА ұйымына қатысушыларды ақпараттық жүйелерді мемлекетаралық интеграциялау мәселесін пысықтауға шақырды
Алматыда Тұрақты дамуға арналған инновациялар мен технологиялар бойынша БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы (СПЕКА) жұмыс тобының 3-ші сессиясы өтті. Кездесуге қатысушылар 2021-2022 жылдардағы жұмыс қорытындыларын шығарды және тұрақты даму үшін СПЕКА инновациялық стратегиясын іске асыру тетіктерін талқылады.
Тұрақты дамуға арналған инновациялар мен технологиялар жөніндегі жұмыс тобының құрамына жоғары деңгейлі саясаткерлер, зерттеушілер және СПЕКА-ға қатысушы жеті елдің, атап айтқанда Ауғанстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның инновациялар мен технологиялар саласындағы басқа да мүдделі тараптары кіреді.
Биылғы кездесу гибридтік форматта өтті, оған ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин, Солтүстік және Орталық Азияға арналған субөңірлік бөлімшенің (SONCA) басшысы, ЭСКАТО Николай Помошников, БҰҰ Еуразиялық экономикалық комиссиясының өкілі Кристофер Ати, сондай-ақ СПЕКА мүшелері қатысты.
Сессияның ашылуында сөз сөйлеген Асқар Жамбақин Қазақстанда цифрлық трансформация бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, нәтижелі шаралардың арқасында еліміз онлайн қызметтерді дамыту деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 11 – орынға, «электрондық үкіметті» дамыту индексі бойынша 29 – орынға және киберқауіпсіздік деңгейі бойынша 31-орынға ие екенін атап өтті.
«Біз жаңа жүйелерді әзірлеу және мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылды жеңілдету үшін азаматтармен және бизнеспен қарым-қатынас арналарын кеңейту арқылы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының цифрлық күн тәртібін белсенді түрде дамытудамыз. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтердің шамамен 95%-ы автоматтандырылып, электронды форматқа көшірілді, қазір біз қызметтерді цифрландырудың 100% жолында тұрмыз»,-деді вице-министр.
Сонымен қатар, Асқар Жамбақин өңірде бір мемлекет ғана жүргізіп отырған цифрландыру ЭСКАТО ұйымына қатысушы барлық елдердің цифрлық дамуына алып келмейтінін атап өтті. Осылайша, Қазақстан заңнамалық деңгейде цифрлық құжаттарды қағаз құжаттарға теңестірсе де, біздің шетелдегі азаматтарымыз қағаз нұсқаларын қолдануға мәжбүр.
«Біз, әрине, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттер қорғайтын деректерді таратпау жөніндегі барлық талаптарды ескере отырып, ақпараттық жүйелердің мемлекетаралық интеграциясы туралы байыпты ойлануымыз қажет. Біздің түпкі мақсатымыз- азаматтарымыздың, бизнестің және мемлекеттік органдардың өзара іс – қимылын қарапайым және адамдарға бағдарлы ету», – деп өз ойын ортаға салды Асқар Жамбақин.
Бұдан басқа, жұмыс тобының отырысы барысында Алматыда субөңірлік мамандандырылған ұйым – орнықты даму үшін цифрлық шешімдер орталығы құрылатыны белгілі болды, оның қызметі Орталық Азия өңірін цифрландыруға бағытталатын болады.
Кездесу соңында Асқар Жамбакин СПЕКА қатысушыларын 2022 жылғы 28-29 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін Digital Bridge халықаралық іс-шарасына қатысуға шақырды.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу