Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Гонконгқа жұмыс сапарының қорытындылары туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты орнату мақсатында Гонконгқа жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында Б.Асылов Гонконгтың Қауіпсіздік жөніндегі хатшысы Крис Тангпен кездесу өткізді. Ол өңірдің құқық қорғау және арнайы қызметтерінің, оның ішінде полицияның, көші-қон, кеден, қылмыстық-атқару, өртке қарсы және авиациялық-құтқару қызметтерінің жұмысын үйлестіреді.
Қазақстандық қадағалау органының басшысы атап өткендей, бұл кездесу іздестіріліп жатқан адамды ұстап беру және трансұлттық қылмыс түрлерімен бірлесіп күресу саласындағы құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін ерекше маңызды.
Сұхбат барысында заңсыз шығарылған активтерді іздестіру және қайтару, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша:
жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру туралы;
қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы;
сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық келісімдерге қол қойылды.
Келіссөздер соңында тараптар жедел және криминалистикалық ақпаратпен, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдана отырып өзекті қылмыс түрлерін тергеудің озық тәжірибесімен алмасуға уағдаласты. Сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын өзге де құқықтық мәселелер бойынша ынтымақтастықты тереңдетудің алдағы қадамдарын айқындады.
Атап өтсек, Гонконг әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі болып табылады. Осындай орталықтардың қатарына Макао да жатады. Екі күн бұрын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы онымен қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық шарттардың толық пакетіне қол қойды.
Еске салсақ, өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстан Сингапурмен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қойған еді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Шығыс Азиядағы ірі офшорлық аймақтармен құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша халықаралық нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру жұмысын аяқтады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру



