ҚАЗАҚСТАН. БҮГІН ЖӘНЕ БОЛАШАҚТА
Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің қолдауымен Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде мемлекеттік қызметкерлер мен студент жастарға арналған «Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Қазақ тілінде өткен қалалық турнирге екі қатысушыдан 13 команда жиналды (1 мемлекеттік қызметші және 1 студент). Қатысушылар алдын ала берілген тақырыптар бойынша пікір таластырды. Пікірсайысшылар берілген әр тақырыпты жан-жақты талқылап, ұтымды пікірлерін ұсынды. Жартылай финалға қатысу үшін қатысушылар 4 іріктеу кезеңінен өтті.
Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жүлделі 1 – орынды «Хан тәңірі» фракциясы Бағдат Оразхан, Ақерке Сағдат иеленді, 2-орынға «Болашақ жастардыкі» фракциясы Ақжол Орынбаев, Арсен Жасталапов лайық деп танылса, 3-орынды «Заман біздікі» фракциясы Айдана Ақбалықова, Жасұлан Кажиахметов иеленді. Іріктеу кезеңдерінің нәтижесінде жоғарғы спикерлік балл жинап, ұтымды пікірімен ерекшеленген Ақжол Орынбаев «Үздік спикер» номинациясында топ жарса, «Үздік төреші» номинациясымен Динара Елемесова марапатталды.
Дебат ойындарына қатысушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар қазіргі кездегі мәселелерді анықтауға және мемлекеттік қызметкерлердің мәдениеті мен мінез-құлқын өзгертуге серпін береді.
Дебат ойындарының жеңімпаздары естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу