8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Наурыз 2024 2600 0
Қалалықтар қаперіне

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының Фракциясы кеңейтілген жиналысының отырысы өтті.

Отырысты Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракция жетекшісі Софья Ізмұханбетова жүргізді. Жиынға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов,Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов, AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы АҚ Басқарма Төрағасы Досмаков Ержан Нұржанұлы,  облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма және департамент басшылары, аудандық партия филиалының төрағалары, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібінде бір ғана маңызды мәселе – Ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы көтерілді.

Бірінші болып Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев сөз сөйледі.

Мұрат Рахметұлының айтуынша, облыс тұрғындарының арасынан кеңінен қолдап тауып келе жатырған «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді.


«Amanat» партиясы жанынан арнайы құрылған мобильді топтар барлық дерлік
елді-мекендерді аралап шығып, ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен таныстырды.Оның ішінде ең шалғай деген ауылдардың тұрғындары да қамтылды.

«AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2023 жылғы есебін тыңдады. Бүгінде өңірімізге бөлінген 6 млрд 429 млн теңгенің 99,5 пайызы игеріліп, 987 шағын несие берілгендігі анықталды.

Партия төрағасы Ерлан Қошановтың сөздерін келтіріп, 2029 жылға қарай жоба аясында 1 млн ауыл тұрғынын қамтып, 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарын орындау үшін бүгінде біздер жергілікті жауапты мекеме басшыларының есептерін тыңдап, туындап отырған өзекті мәселелердің шешу жолдарын бірге талқылайтын боламыз, – деп отырысты ашқан болатын.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі басшылығы тарапынан да бірлесе жұмыс жасауға шақырып, нақты осы жобамен тығыз айналысатын маманның есебін тыңдады.

Барлық өңірде делік, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыстық немесе қалалық деңгейдегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар айналысатыны белгілі.

Ендеше осы сұрақ бойынша сөзбағдарламаның сенім білдірілген өкілі,AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Досмаковқа берілді.

Корпорация басшысының мәлімдеуінше, 2023 жылда ауыл шаруашылығына көп басымдық берілсе, осы жылы ауыл шаруашылығы саласына басымдық тек 50%ғана құрайтынын атап өтті. Демек, тек қана ауыл шаруашылығы ғана емес, өндіріс, қызмет көрсету саласында да дамыту көзделгендігін білдіреді.

Отырысты қорытындылай келе, ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы туралы есептің мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жыл бойынша ауыл тұрғындары арасында аудан әкімдіктері партияның аумақтық филиалдармен бірлесіп түсіндіру жұмыстары қолға алынсын деген шешімге келді.


Ел тұрғындарының табысын арттыру мәселесін шешу – «AMANAT»  партиясының негізгі басымдықтарының бірі. Ауылда
301,4мың адам тұрады. Бұл – облыс халқы санының 43,5%-ы.

Қаржының мақсатты жұмсалуы, несие беруді цифрландыру, мал сатып алу және техникамен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды, статистика деректерін бірыңғай стандартқа келтіруді, қағаз жүзінде емес нақты жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу үнемі бақылауда ұстап, бұл жұмыстарды биылғы жылыда жалғастырып, жүйелі жұмыс жасауымыз керек.

«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
176 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
199 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
461 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
940 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1318 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1195 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1676 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2294 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2458 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2466 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2518 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2521 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2110 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2999 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3053 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3046 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3663 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3628 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3619 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3594 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3755 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»