Ауласын су басқаны жөнінде тұрғындардан 600-ге жуық өтініш түскен
Оралда су тасқынының алдын алу бойынша қалалық штаб 15 наурыздан бастап жұмыс істеп жатыр.
Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиевтің брифингіде мәлім еткеніндей, қалалық штабтың жедел желісіне тұрғындардан ауласын су басу туралы 249 мекенжай бойынша 600-ге жуық өтініш түскен.
Жандос Асхатұлының сөзіне қарағанда, өтініштер көбінесе Зачаган, Деркөл кенттерінен, жеке тұрғын үй секторларынан түсуде. Атап айтқанда, Зачаган кентінде Көктем, Кең дала шағын аудандары, Нарын, Баян сұлу, Шұғыла, Жерұйық, Деркөлде Шәкәрім, Майқы би, Байзақов, Майлин, Абылай хан, Қалдаяқов, Совет көшелері және 2-жұмысшы, Ескі әуежай шағын аудандары. Өтініштер бойынша қала әкімдігінің қызметкерлері орынға шығып, жағдайды бағамдап, қажетті іс-шараларды қабылдап жатыр.
«Қазіргі уақытта қала бойынша барлық коммуналдық жүйе қалыпты жұмыс істеп тұр. Кәріз коллекторларының еріген қар суымен толып кетуіне және тұрғын үй алаптарын сарқынды және еріген су басу қаупіне байланысты қала бойынша су беру қысымы төмендеуі мүмкін. Ескі әуежай және Зачаган кентінің Кірпіш зауыты ауданында 750 абонент уақытша жарықсыз қалды. Апаттық бригада жарықты қалыпқа келтіру жұмысын жүргізуде. Жарықты сағат 13.00-де беру көзделуде», – деді Ж.Дүйсенғалиев.
Оның айтуынша, су тасқыны кезеңі басталғалы 30 367 текше метр қар суы сорылып, жыл басынан бері 679 мың текше метр қар қала аумағынан шығарылған.
Су тасқынының алдын алу жұмыстарына су соратын 70 техника тартылды. Бүгіннен бастап оның саны 100-ден аспақ. Сондай-ақ 108 қосымша техника іске қосылды. 18 мың құмды қапшық дайындалып, қажетті жерлерге жеткізілуде.
Орал қаласы бюджеті есебінен жергілікті атқарушы органдардың резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға 185 млн 738 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.
«Төтенше жағдай болған жағдайда тұрғындарды эвакуациялау үшін қала бойынша 27 пункт әзірленді. Сонымен қатар су басу қаупі төнген жағдайда халықты орналастыру үшін 3 мәдениет үйі, 1 спорт кешені және Зачаган кентіндегі Ақан сері 47/1 мекенжайы бойынша салынған 9 қабатты үйдің бірінші қабатындағы орындар белгіленді (барлығы 700 орын) және зардап шеккендерді уақытша орналастыру үшін облыс орталығындағы 6 қонақүй кешендерімен ниет-шарттар жасалды. Одан бөлек, қаламызда орналасқан туристік лагерьлер және спорт нысандарының тізімі жасақталды. Жайық, Шаған, Деркөл өзендері тасып, саяжайларды су басқан жағдайда тұрғындарды сол нысандарға орналастыру жоспарлануда», – деді Ж.Дүйсенғалиев.
Дереккөз: kazinform.kz
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру