8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2019 1298 0
Қоғам

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ»  ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

24 шілде күні Орал қаласы аумағында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталді. Бұл іс-шараның мақсаты – жолдардағы апаттылықтың жай-күйіне сипаттама жасап, апаттылықты төмендету.  Шара 28 шілдеге дейін жалғасады. 

«Қауіпсіз жол» іс-шарасының бірінші күнінде 157 азаматтың жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мас күйінде рульге отырып, көлік құралын басқарған 4 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 41 жүргізуші, маневр жасау ережесін бұзғаны үшін 12 жүргізуші,  құжатсыз көлік құралын басқарғаны үшін 10 жүргізуші анықталды.

Сонымен қатар, тексеріс  барысында жаяу жүргіншілердің арнайы жол өтпелерінен өтулері назарға алынып, қайсыбіріне қатаң ескертулер жасалды. 33 жаяу жүргіншіге тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырып, олар жуықта айыппұлдарын төлемекші. 57 жаяу жүргінші өзге де жол ережелеріне қатысты заң бұзушылыққа жол бергендіктен жауапкершілікке тартылды.  9 автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. 3 мемлекеттік тіркеу нөмірлері тәркіленді.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы шілденің 28-іне дейін жалғасады.

 

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
59 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
56 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
107 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»