АУДАНДАРДА СПОРТТЫҚ КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Биыл Батыс Қазақстан облысында 46 спорттық алаң ашылды. Облыс орталығында бірнеше алаң күрделі жөндеуден өтті. Қос ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысы басталды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева мәлім етті.

Спорттық алаңдардың барлығы аудандар салынған. Олардың 13-і street workout алаңы. Ақжайық ауданында – алты, Бәйтерек ауданында – бес, Бөкей ордасында – бір, Бөрлі ауданында тоғыз, Жаңақала ауданында – бес, Жәнібекте – үш, Қазталов ауданында – алты, Қаратөбе ауданында – екі, Сырым ауданында- екі, Тасқала ауданында – бір, Теректі мен Шыңғырлау ауданында үш алаңнан салынған. Орал қаласында 31 спорттық алаң күрделі жөндеуден өтті.
КПО б.в. компаниясы Жәнібек және Жаңақала аудандарында 160 орындық екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу бойынша мердігерлермен келісім-шарт жасалып, қазіргі уақытта мердігер компаниялар құрылыс жұмыстарын бастады. Сондай-ақ 2020-2021 жылдар тағы да бес дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Олар – Ақжайық, Тасқала, Шыңғырлау аудандарының орталықтарында және Қазталовтың Қазталов және Жалпақтал ауылдарында бой көтереді. Бұдан бөлек Бөкей ордасы ауданы Сайхын ауылына және Теректі ауданы Подстепный ауылына 160 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алды. Бұл дене шынықтыру кешендерінің жобалары КПО б.в. компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары тізбесіне енгізілген.
– Қазіргі таңда, КПО б.в. есебінен Ақжайық ауданының Чапаев ауылы, Казталов ауданы Қазталов және Жалпақтал ауылы, Тасқала ауданының Тасқала ауылы, Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдарында 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу бойынша мердігерді анықтауға конкурс жариялады. Конкурстың қорытындысы бойынша мердігер анықталғаннан кейін құрылыс жұмыстары басталады, – дейді Әсия Рахымқызы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу