АУҒАН АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ
15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Осыған орай БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті ауғандық интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетіп, Астана қаласында өтетін салтанатты шараға шығарып салды.

– Бүгінгі таңда өңірімізде 737 ауған соғысының ардагері бар. Ауған жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі тәсілді игерудегі ерен еңбектері өлшеусіз. Атаулы мереке қарсаңында Астана қаласында салтанатты шара өтеді. Соған біздің облыстан 15 ауған ардагері бара жатыр, –деген «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Беркінғали Ғабделов Тәуелсіз елде тұрып жатқанымызға шүкіршілік етіп, бақытты күндер сыйлаған ардагерлерді құрметтеуге шақырды. Жиында ауғандық жауынгерлердің қанқұйлы соғыстағы ерлік істерін дәріптеген бейнесюжеттер көрсетіліп, жиналғандар боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шара соңында БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Амангелді Қаленов ауғандық интернационалист-жауынгерлерге мерейтойлық медальдер табыстады.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Қуанғали СЕЙІТҚАЛИЕВ, Ауған ардагері:
– 1978 жылы әскер қатарына алындым. Өзбекстан мемлекетінің Ферғана қаласында десанттық әскерде борышымды өтедім. 1979 жылы Ауғанстанға жіберді. 18-19 жастағы жас жігіттер соғыстың не екенін білгенімізбен, оның мән-жайын ұғар-ұқпастан кете бардық. Талайдың тағдырын тәлкекке салған ауған соғысы он жылға созылғанын білесіздер. Мұнда қаншама жас қыршынынан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың біразын көзіміз көрді. Жас сарбаздардың бір ғана міндеті болды. Бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие – Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. Біздің полк Баграм әуе базасын күзеттік. Екі взвод бір палаткада тұрдық. Ауған соғысының аяқталғанына 30 жыл толғанымен, зұлмат күндердің халықтың жүрегіне салған жарасы әлі жазылған жоқ. Қазір бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын. Еліміз тыныш, бірлігіміз берік болсын деп тілеймін.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу