8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Маусым 2022 1198 0
Оқиға

Қателік кімнен кетті?

Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі «BLS GROUP» ЖШС-мен шарт жасап, бұдан біраз уақыт бұрын бір көзден 2,2 млн. теңгеге спорттық костюм сатып алған. Бірақ өнім берушінің тауарға авторлық құқықтары жоқ,- дейді «Әділдік жолы» кеңсесінің заңгері Бауыржан Ахметжан.
​ «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орал қаласы филиалының өкілі Бауыржан Ахметжан goszakup.gov.kz порталына мониторинг жүргізіп, БҚО спорт басқармасы мен Орал қалалық спорт бөлімінің заңбұзушылық жасағанын хабарлады. Оның мәліметі бойынша облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Мамыт» ЖК «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағы 3-тармақшасы бойынша 200 спорттық киім тігуе тапсырыс беріп, оны 7,8 млн теңгеге сатып алу туралы шарт жасасқан. Ал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі «BLS GROUP» ЖШС-дан 2,2 млн теңгеге 75 костюм сатып алған. «Әділдік жолының» өкілі өнім берушінің тауарға қатысты айрықша авторлық құқы жоқ, оған gosreestr.kazpatent.kz сайты дәлел деп санайды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң бойынша бренд тауарларды сатуға айрықша құқы жоқ өнім берушілермен мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілі арқылы шарт жасауға болмайды. Бауыржан Зәкиұлының мәліметінше, мемлекеттік ішкі аудит департаменті аталған мекемелердің заңсыз шарт жасағанын растаған. Қоғам белсендісі енді екі басшыға әкімшілік айыппұл салынатынын хабарлаған. Осы мәселеге қатысты қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев БАҚ өкілдерін жинап, адвокаттың мәлімдемесін жоққа шығарды. Мемлекеттік қызметкердің мәліметінше, барлық құжаттар заңды. Және «BLS GROUP» ЖШС «Қазақстанда жасалған» брендімен олимпиада жүлдегерлері мен спорттық шараларға қатысушыларға арнайы спорттық киімдерді тігіп жүрген қазақстандық компания. – «Әділдік жолының» таққан айыбымен келіспеймін. Бұған қатысты әкімшілік сот шешімі шыққан жоқ. Мемлекеттік ішкі аудит департаментін шақыртып, акт құжатына қол қойдырту керек. Департамент мамандары әлі тексеріс жүргізбеді. Менің заң талабын бұзғанымды сот қана шешеді. «BLS GROUP» – өзіндік сән үлгісімен ересектер мен балаларға киім тігетін отандық өндіруші. Осы ЖШС олимпиада, универсиада және чемпионаттарға арнап еліміздің спортшыларын жабдықтаумен айналысады. Компания спорттық киімдер тігуге байланысты халықаралық лицензия алған. «BLS GROUP-тың» сапалы өнім дайындауға авторлық құқығы бар. Дәлел ретінде отандық компанияның құжаттар пакеті қолымда бар. Айта кетейін, мамыр айында Батыс Қазақстан облысының VII Халық спорты ойындарында жалпыкомандалық есепте жаңа спорттық киім-кешекпен жабдықталған Орал қаласының командасы бірінші орын алып, Қостанай қаласында өтетін республикалық спартакиадаға жолдаманы жеңіп алдық, – деді Артур Шерғалиев. Брифинг кезінде «BLS GROUP» заңгері компания құжаты түгел екенін, мемлекеттік сатып алу заң аясында жүргізілгенін хабарлады және онлайн-байланыс арқылы киім тігу цехын көрсетті. Бұл даудың нүктесін сот құрылымы ғана қоймақ.
​Естеріңізге сала кетеміз, ел аумағында кез келген азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өз үлесін қосуға және мемлекетік сатып алу сайтына мониторинг жасауға толық құқығы бар.
Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
69 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
141 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
370 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
853 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1231 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1137 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1590 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2206 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2370 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2378 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2429 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2433 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2052 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2913 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2967 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2961 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3574 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3542 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3533 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3508 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3669 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»