Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 105 мыңды құрап отыр
Бұл туралы бүгін халықпен есепті кездесу барысында еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.

Министр ҚР тұңғыш Президентінің көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысы туралы айтты.
«Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап Елбасының тапсырмасы бойынша АӘК көрсету шарттары өзгерді. Оған көмек тағайындау критерийін арттыру, әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70% немесе 20 789 теңге көлемінде кепілдік берілген ай сайынғы көмек, отбасының жиынтық табысынан кейбір жәрдемақы түрлерін алып тастау кіреді. Соның арқасында АӘК 277 мыңнан астам отбасыға немесе 1,3 млн.астам адамға төленді. Жыл басынан бері 67,7 млрд.теңге сомасында АӘК төленді. Нәтижесінде төлемнің орташа мөлшері 105 мың теңгені құрады», – деді Бердібек Сапарбаев.
Оның айтуынша, жергілікті әкімдіктегілермен бірлесе отырып, көмектің 11 түрін қамтитын қызметтердің бірыңғай пакеті мен әлеуметтік қолдау шаралары әзірленген.
«Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен, мектеп формасымен, оқулықтармен және керек-жарақтармен, балалар мен аналарға арналған қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүрумен, балалар лагерлерінде тегін демалумен және т.б. қамтамасыз ету қарастырылған», – дейді министр.
Ведомство басшысы қоғамды толғандырып жүрген көп балалы аналар туралы да сөз қозғады.
«Ана мен баланы қолдау мақсатында бала тууға, 1 жасқа дейінгі баланы күтуге және жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік төлемдерге 243 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінетін болады. Зейнетақылардың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету үшін декреттік демалыста жүрген әйелдерге зейнетақы жарналары субсидияланады. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға 5,8 млрд.теңге бөлінді. Қазіргі уақытта Қазақстанда алты және одан да көп баласы бар 237 мыңға жуық көпбалалы ана бар, оларға жәрдемақы төлеуге жыл сайын 45 млрд.теңге бөлінеді. Сонымен қатар, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша біз мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғам өкілдерімен, белсенді азаматтармен бірлесе отырып, «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» Жол картасының жобасын әзірледік», – дейді Бердібек Сапарбаев.
Ақпарат көзі: baq.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу