8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Маусым 2019 1934 0
Қоғам

Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 105 мыңды құрап отыр

Бұл туралы бүгін халықпен есепті кездесу барысында еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.

Министр ҚР тұңғыш Президентінің көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысы туралы айтты.

«Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап Елбасының тапсырмасы бойынша АӘК көрсету шарттары өзгерді. Оған көмек тағайындау критерийін арттыру, әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70% немесе 20 789 теңге көлемінде кепілдік берілген ай сайынғы көмек, отбасының жиынтық табысынан кейбір жәрдемақы түрлерін алып тастау кіреді.  Соның арқасында  АӘК 277 мыңнан астам отбасыға немесе 1,3 млн.астам адамға төленді. Жыл басынан бері 67,7 млрд.теңге сомасында АӘК төленді. Нәтижесінде төлемнің орташа мөлшері 105 мың теңгені құрады», – деді Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, жергілікті әкімдіктегілермен бірлесе отырып, көмектің 11 түрін қамтитын қызметтердің бірыңғай пакеті мен әлеуметтік қолдау шаралары әзірленген.

«Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен, мектеп формасымен, оқулықтармен және керек-жарақтармен, балалар мен аналарға арналған қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүрумен, балалар лагерлерінде тегін демалумен және т.б. қамтамасыз ету қарастырылған», – дейді министр. 

Ведомство басшысы қоғамды толғандырып жүрген көп балалы аналар туралы да сөз қозғады.

«Ана мен баланы қолдау мақсатында бала тууға, 1 жасқа дейінгі баланы күтуге және жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік төлемдерге 243 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінетін болады. Зейнетақылардың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету үшін декреттік демалыста жүрген әйелдерге зейнетақы жарналары субсидияланады. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға 5,8 млрд.теңге бөлінді. Қазіргі уақытта Қазақстанда алты және одан да көп баласы бар 237 мыңға жуық көпбалалы ана бар, оларға жәрдемақы төлеуге жыл сайын 45 млрд.теңге бөлінеді. Сонымен қатар, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша біз мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғам өкілдерімен, белсенді азаматтармен бірлесе отырып, «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» Жол картасының жобасын әзірледік», – дейді Бердібек Сапарбаев.

Ақпарат көзі: baq.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
187 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
455 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
696 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
728 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
883 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1079 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1316 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1398 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1505 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1517 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1544 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1552 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1655 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1873 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2183 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2069 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2181 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»