8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Наурыз 2025 6679 0
Құттықтаймыз!

Ата дәстүр – ұрпаққа мұра

Бүгін 14 наурыз – Көрісу күні «КазИИТУ» ғылыми – білім кешенінің Студенттер сарайында Шаңырақ күніне және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Ата дәстүр – ұрпаққа мұра» атты тақырыпта танымдық кездесу өтті.


Жиында «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы А.Әйтімов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Коммуникация бөлімінің меңгерушісі, «Құрмет» орденінің иегері Перизат Садуакас-Хайруллина, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Н.Жолдасқалиев, БҚО ҚХА «Ақсақалдар кеңесі» төрағасының орынбасары А.Дәулетжанов, БҚО ҚХА «Тіл мұра» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұ.Нұрмұқанова қазіргі таңдағы ең өзекті мәселеге айналған бес кесел (нашақорлық, құмарпаздық, тұрмыстық зорлық- зомбылық, вандализм, ысырапшылдық) туралы ойларын ортаға салды.

Жастардың мұндай әрекеттерден аулақ жүруін, керісінше білім алуға талпынып, қоғамға пайдалы нәрселермен айналысуга кеңес беріп, айтулы мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Жиынды аталмыш білім ордасының ректоры Ә.Баяхов қорытындылап, танымдық кездесуде орамды ойларын айтқан қатысушыларға алғысын айтты.

Жайық үні

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»