8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Желтоқсан 2018 3069 0
Спорт

АТА-АНАЛАР СПОРТ САЙЫСЫНДА

БҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында оқушылар мен ата-аналар арасында спартакиада өтті.

Спартакиадаға 7, 10 сынып ата-аналары  қатысты. Сайыстың ашылу салтанатында ІТ-лицей  басшысы мен  лицейдің ардагер ұстаздары  сөз сөйлеп, сайыс үміткерлеріне сәттілік тіледі. Сайыскерлер «Достық», «Дарын», «Болашақ», «Большая компания», «Жалын» командаларына бөлініп, волейбол, үстел теннисі, шахмат, көпсайыс (мылтық ату, орыннан ұзындыққа секіру,ерлер арасында тірелеп жатып қолды бүгіп жазу,шалқадан жатып,кеудені көтеру), арқан тартыс сайыстары бойынша бақ сынасты.

Сайыс қорытындысында  шахматтан ерлер арасында  І орын «Жалын» командасынан Т.Алтаевқа, ІІ орын «Достық» командасынан А.Биниязовқа, ІІІ орын «Большая компания» командасынан Е.Дюсекеновке берілді. Әйелдер арасында  І орынды «Достық» командасынан Д. Ізболатова, ІІ орынды Э.Даукешова,  ІІІ орынды Г.Максим алды.

Үстел теннисінен ерлер арасында Б.Ихласов оза шықты. ІІ орынды  А.Ишанов,  ІІІ орын Исанғалиев алды. Әйелдерден Г.Хуснутдинова, А. Еслямгазиева, С.Жақсыбаева жүлдегер атанды.

Арқан тартыстан бірінші орынды «Дарын» командасы алса, екінші орын «Большая компанияға», үшінші орын «Жалынға» берілді.

Волейбол жарысы бойынша «Достық»­­  –  І орын, «Дарын» – ІІ орын, «Большая компания» – ІІІ орын алды.

Жалпы команда бойынша ІІІ орынды «Большая компания» , ІІ орынды «Достық», І орынды  «Дарын»  командасы алды.

Ата-аналар сайыстың жоғары деңгейде өткендігін, өздерінің де сергіп қалғандарын айтып жылы лебіздерін білдірді. Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында оздырылған бұл шараның жалғасын табарына сенім зор.

    

                    Фотосуреттерді түсірген Рафхат Халелов.

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
88 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»