8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Желтоқсан 2018 2814 0
Жалын

АСЫЛХАННЫҢ ЕРЛІГІ

Орал қаласы ПБ кезекші бөлімі жедел кезекшісінің көмекшісі полиция аға сержанты Асылхан Темірханов үшін биылғы жыл ерекше сет қалары анық. Асылхан ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні жасаған қайсарлығы мен батылдығы үшін «Жыл үздігі – 2018» жастар сыйлығының иегері атанды.

   

Полиция аға сержанты Асылхан Темірханов сол күні, яғни 12 желтоқсанда «Омега зауыты» ауданына қарасты «Вишенка-1» саяжай қоғамындағы туысқандарына амандаса барып, сол үйде түнеп қалады. Таңертеңгілік өзінің үйіне қайтпақ болған сәтте, шамамен сағат 09.00-де тәртіп сақшысы өзі шыққан үйге қарама-қарсы бетте көрші үйдің кенеттен жалынға оранып, кейбір тұсы бықсығанын байқайды. Жанталасып жүгіріп, үйдің сыртқы есігіне бетейді. Алайда, нағыз отқа оранып, бықсыған қою көк түтін есік тұсты шарпыған. Үйдің есігінен ішке ену мүмкін емес. Қою түтін көзіңді ашытып, қолқаңды толтырады, жүректі айнытады. Тез арада шешім қабылдаған Асылхан аулаға зулап кіріп, алдындағы терезе әйнегін шынтағымен соғып сындырады.  Әйнек шытынай сынғанда «Іште кім бар, шығыңдар, өрт, өрт» деп айқайлайды. Тәртіп сақшысы айқайға басып,  сынған әйнектен ішке басын сұққанша, жалындаған от пен түтін біраз жерді жайпап үлгерген болатын. Сынған терезеден 5 жасар қыз баланы көтеріп, сыртқа алып шығады. Кішкентай қыздың қолы, қары, саусақтары әйнекке мықтап  кесілген. Содан кейін, үй ішінен жасы 40-45 шамасындағы ер адамды сыртқа жалғыз өзі жан ұшыра жүріп шығарады. Зіңгіттей ер адамның түтінге тұншығып қалғаны сондай басы айналып, көзі қарауытып, есеңгіреп қалған екен. Әйел адам өзі сүйретіліп тысқа шыққан. Осылайша, бір отбасын өртеніп жатқан үйден аман алып шыққан Асылхан үй иелерінен «үй ішінде тағы не бар, қауіпті не қалды» деп сұрадым» дейді. Әйел адам үйде  біріне газ толтырылған, бірі бос газ баллон барын айтады. Ол 2 баллон жарылса, не боламыз деген тәртіп сақшысы отбасы мүшелерін ауладан алысқа шығарып, ілезде өрт сөндіру, медициналық жәрдем, «Үкі» түнгі іздестіру тобын шақырады. 2-3 минутта мекенжайға жеткен өрт сөндіру қызметі үй бұрышындағы 2 газ баллонды тысқа  алып шығады. Ал, үй иелеріне дереу медициналық жәрдем көрсетіліп, түтінге уланғандары қалалық көп бейінді  ауруханаға жеткізілген.

Сөйтіп, полиция аға сержанты А.Темірханов көз ілеспес жылдамдықпен бір отбасын өлімнен құтқарды.

Облыс әкімдігінің жастардың зор құрметіне ие болған тәртіп сақшысын әріптестері де құттықтады.

Гүламан Исмағұлова,Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
135 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
143 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
270 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
534 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»