«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОМЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртуға септесетін алты жоба ұсынылғаны белгілі. Соның төртіншісі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Бұл жобаны жүзеге асырудың мақсаты – халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын нығайту.

Жоба аясында Қазақстанның сакралды нысандары бойынша энциклопедияның екінші томы жарыққа шықты. Энциклопедияның екінші томына Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының сакралды нысандары енген. Аталған нысандар бойынша иллюстративті материалдар мен сол нысандар орналасқан жерін айқындайтын картасы да көрсетілген. Эциклопедия авторларының құрамында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, география кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессор Ахмеденов Қажымұрат Мақсұтұлы да бар.

Энциклопедияның бірінші томы 2017 жылы шығарылды. Ол Астана мен Алматы қалалары, Ақмола мен Алматы облыстарына арналған болатын.
Сұлтанғалиева Рита,
М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру
Пікір үстеу