8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2019 1848 0
Қоғам

АШЫҚ ӘКІМДІК. «ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын түсіндіру мақсатында өткен сенбіде «Ашық әкімдік» ұйымдастырылды. Орал қаласының жұмыспен қамту орталығында өткен қабылдауға 125 тұрғын келді.

 

«Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы аз қамтылған және көп балалы отбасылар тобына атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі жайында мемлекеттік бастамалар ұсынды. Ол бірінші кезекте күн көрісі төмен, оның ішінде көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын қамтиды. Яғни, олардық табыстарын арттыру, еңбекке араласуына, кәсіп ашуына қолдау көрсету, еңбекақысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу. Қала әкімі Мұрат Мұқаев, орынбасарлары мен жұмыспен қамту орталығы мамандары келушілерге осы мәселелерді жете түсіндірді. Әсіресе, азаматтардың дені атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін сұрап, мамандарға есептетіп те көрді

Сондай-ақ бұл күні әлеуметтік сала мамандарымен қатар, қалалық бөлімдердің басшылары да қабылдау жүргізіп, тұрғын үй мәселесі, жұмысқа орналасу және басқа да әлеуметтік мәселелерін алға қойып келгендердің өтініштерін тыңдады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
133 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
377 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»