Арық салуға қомақты қаражат керек
Бұл туралы да бүгін БАҚ-пен өткен жиында айтылды. Жыл сайын арыққа 150 млн теңге бөлінсе, арығы жоқ көшелерге одан да көп мөлшерде қаражат қажет көрінеді.
Сондықтан да барлық көшені арықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік болмауда. Бірақ Зашаған және Деркөл кентіндегі және «Ақжайық» шағын ауданындағы қауіпті деген көшелерге арық салуға сметалық-құжаттар дайындалуда. Бұл аталмыш шағын аудандар мен кенттер ең қауіпті аймақтар болып есептеледі.
Баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев: – Ең басты мәселе – су сору көлігінің тапшылығында. Бекітілген заңға сәйкес тек қана 50-60 су сору көлігі бар. Барлығы 120 көліктің 90 пайызы жеке сектордікі. Олар көлік бағасын екі – үш есеге өсіріп, өздері тұрғындарға жеке қызмет жасайды,- деді.
«Жайық үні»
Версия для печати