АРАЙЛЫМ «ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2018» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Радиоэлектроника және телекоммуникация» мамандығының студенті, университеттің студенттік ректоры Арайлым Айтқалиева «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен республиканың барлық аймағын қамтыған «Үздік студент – 2018» жобасының жеңімпазы атанып, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың қолынан диплом алды. Сондай-ақ «Жас қыран» республикалық талантты жастардың ІІ кітап жинағына енді.

Талапты жас Арайлым Әділжанқызы Шыңғырлау ауданына қарасты Белагор ауылының тумасы. 2016 жылы қаладағы №44 орта мектепті тәмамдаған ол қазіргі заман талабына сай мамандар даярлайтын «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде білім алуды жөн көріпті. Бүгінде оқу орнының «Радиоэлектроника және телекоммуникация» мамандығында білім алып жүрген ол қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысады. Күні бүгінде университеттің студенттік ректоры, сондай-ақ тәрбие ісі жөніндегі маман қызметінде қосымша жұмыс атқарып жүр. Талапты жас ағымдағы жылдың 12 сәуірінде «Ғылым қызметкерлері күні» аясында Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университеті өткізген студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және Білім – 2018» ХІІІ халықаралық ғылыми конференциясында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, Қарағанды қаласында өткен «Наука и молодежь: новые идеи и решения» ІV халықаралық студенттер мен магистранттар конференциясында І орынды жеңіп алған. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған техникалық пәндер кафедрасының «ЭКСПО – 2017» көрмесі қарсаңында инновациялық ойлар мен техникалық ұсыныстар» апталығына үздік жоба ұсынып, жеңімпаз атанған. Сол секілді облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жастар саясатының дамуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттаған.
Арайлым отбасында үш баланың ортаншысы. Жастайынан өнер-білімге құштар қыз ата-анасы мен ұстаздарының өзіне артқан үмітін ақтау – парызым дейді. Әкесі Әділжан мен анасы Гүлсара жас та болса ойы ұшқыр, талабы таудай қыздарының болашағынан зор үміт күтеді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу