Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
Өңіріміздегі су тасқыны салдарын жою және авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Қарғынға қарсы жұмыс күшеюде. Облыстық Төтенше жағдай департаментінің мамандары елді мекендердегі су ағатын арналарды тексеріп, бұл жұмысқа айрықша мән беруде.

Өңірде барлығы төрт мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның екі мыңы балалар. Дәлірек айтқанда, эвакуациялық пункттерде бір мыңнан астам адам орналасты. Қалған 3853 адам туыстарының үйіне жайғасты. Қазіргі уақытта 26 су өту учаскесі мен 51 су шаю учаскесі жіті бақылауға алынды. Көлік қатынасы жоқ 10 елдімекендердің азық – түлік дүкендерінде тамақ қоры жеткілікті.
Сондай–ақ, 3000 – нан аса үй жануары қауіпсіз жерге шығарылды. Облыс бойынша барлығы 804 773 шаршы метр куб еріген су сорылып, 170 749 құм салынған қап төселді. Ал1979 адам, 365 бірлік техника, 76 бірлік мотопомпа жұмысқа тартылды.
Түнгі мезгілде Орал қаласы, Теректі, Бәйтерек аудандарында тұрғындарды су тасқынынан сақтандыру шаралары бойынша құлақтандыру, өзен бойына құм салынған қаптарды төсеу жұмыстары жүзеге асты. Бұдан бөлек, мұздардың бір жерде жиналып қалмауын болдырмау жұмысы жасалды.
Теректі ауданының Ұзынкөл ауылында су басу қаупінен 705 тұрғын эвакуацияланды. Орал қаласы маңындағы саяжай тұрғындары да қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл орайда төтеншеліктер тұрғындарға дүрбелеңге түспей, құтқарушы органның ұсынысына сәйкес әрекет етуді өтінеді.
БҚО Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру