АПАТТЫ ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫНА – ЖАҢА БАСПАНА
Бүгін Елорда күніне орай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары аясында Орал қаласындағы Ружейникова, 14 мекенжайында 9 қабатты 90 пәтерлік жаңа үй пайдалануға берілді. Тұрғындардың көптен күткен қуанышын облыс әкімі Ғали Есқалиев бірге бөлісіп, жаңа пәтер иелеріне шаңырақтарының кілттерін табыстады. Тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Болашақ-Т» ЖШС жүзеге асырған.
– Баршаңызды Астана күнімен шы жүректен құттықтаймын. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының нәтижесінде қазақтың кең байтақ даласында теңдесі жоқ қала бой көтерді. Астанамызда соңғы 20 жылдыңі ішінде халықтың саны бес есеге артты. Мыңдаған жастар Астанада өз өмір жолын жалғастырып, ел дамуына үлестерін қосуда. Бүгін Астана күніне орай қаламызда зәулім үй пайдалануға берілуде. Осы үйдің қабырғасын көтеруге мемлекет тарапынан инфрақұрылым салынды, 100 миллионнан астам қаражат бөлінді. Мемлекеттің қолдауының нәтижесінде бұрын тозығы жеткен апатты үйде тұрған 37 отбасы жаңа үйге көшуге мүмкіндік алды. «Болашақ-Т» құрылыс компаниясы 2014 жылы жаңа зауыт салып, сапалы әрі бағасы да тиімді үйлер салып келеді. Мердігер компанияға үлкен алғыс білдіремін. Жаңа қоныс иелеріне құтты болсын айтамын. Үйлеріңізден шаттық, бала күлкісі, үлкендердің батасы кетпесін, – деп құттықтауын жеткізген өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы жаңа пәтер кілттерін иелеріне тапсырды.
Су жаңа баспанаға ие болған «Алтын алқа» иегері, он баланың анасы Мастура Атаулина баршаны Елорда күнімен құттықтап, мереке қарсаңында шексіз қуанышқа бөлеген өңір атқамінерлеріне алғысын жаудырып, ақ батасын берді.
Қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкайдың айтуынша, қазіргі таңда Орал қаласында 52 ресми апатты деп танылған ескі үйлер бар. Сондай-ақ қала аумағында 200-ге жуық тозығы жеткен үй бар. Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында осы күнге дейін 19 апатты үй бұзылып, орнына сегіз көпқабатты үй салынған. Бүгінде Ружейникова 14 мекенжайында сүрілген 37 үйдің орнына 400-ге жуық пәтер қолданысқа берілуде. Ағымдағы жылы Абай даңғылы 246 мекенжайында тағы бір көпқабатты тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарланып отыр. Одан бөлек бес үйдің құрылысы жүруде. Аталмыш бағдарлама болашақта да жалғаса бермек.
Жаңа пәтер кілтін алып, қуанышын жасыра алмағандардың қатарында қала тұрғыны Бақыт Сүндетова да бар.
– 1997 жылдан бері Ружейникова 14-үйде 23-пәтерде тұрғам. 52 шаршы метрді құрайтын үйіміздің жағдайы өте нашар болды. Жертөледен су кетіп, жағымсыз иіс қолқаны қауып, баспанамыз құрт-құмырсқаға толатын. Міне, бір жылдың ішінде ескі үйіміз сүріліп, орнына көз сүйсінерліктей зәулім сарай тұрғызылды. Адам айтса, нанғысыз. Осы үйден екі бөлмелі пәтер бұйырды. Шексіз ризамын. Жолдасым, екі қызыммен енді жаңа қоныста бақытты ғұмыр кешетін боламыз, – дейді ол.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру





Пікір үстеу