8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Сәуір 2024 2813 0
Мезгіл мәселесі

Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр

Қала маңындағы өзен деңгейінің көтерілуіне байланысты жағалаудағы елді-мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.


Соның ішінде, 1,2,3 саяжай қоғамдары, Самал, телеорталық аудандарындағы саяжай серіктестіктеріне су басу қаупі басталды. Су басқан аумақта, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, полиция қызметкерлері, төтенше жағдай қызметкерлерлері, еріктілер күні-түні жұмыс жасауда.

Саяжай қоғамдарындағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары үшін арнайы автобустар та шығарылған болатын. Дегенмен, үйлеріне су кірсе де, үйлерінен шықпайтын тұрғындар да жоқ емес.
Мәселен сондай бір жағдай 2-ші саяжай қоғамында орын алды.

Алпыстың үстіне шыққан ақсақал жұбайымен және итімен бірге саяжайының екінші қабатына көтеріліп, содан түспей отырса керек. Айнала толған су. Полицейлер қарияға суға арналған арнайы құралдары мен ұзын резеңке етіксіз шығу мүмкіндігінің жоқ екенін түсіндіре отырып, қарияны итімен бірге мәжбүрлі түрде алып шығуға тура келді. Қазіргі уақытта, егде жастағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Жағдайлары жақсы.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»