8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Тамыз 2023 1098 0
Білім

Ғани Бейсембаев оқушының мектепке хиджабпен келу мәселесіне қатысты түсінік берді

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың мектепке хиджабпен келуіне қатысты мәселеге пікір білдірді.

«Конституция бойынша Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мектеп те зайырлы болып саналады. 2016 жылы бекітілген оқушылардың мектеп формасы мен киіміне қатысты бұйрық бар. Ол өзгерген жоқ. Сондықтан балалар білім ордасына мектеп формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалып отыр. Сондықтан бұл бағытта өзгеріс жоқ. Енді көтеріп отырған мәселе (оқушылардың мектепте хиджаб киіп келуі – автор түсіндірмесі) мұны шеше ала ма?! Бірінші кезекте біз негізгі мақсат пен адамдардың қосымша ойын шатастырмауымыз керек. Бала мектепте сапалы білім мен саналы тәрбие алуға міндетті. Оны ата-ана қамтамасыз етуі тиіс. Ол заңда белгіленген. Сондықтан бәріміз заңды орындауымыз қажет», – деп жауап берді Ғани Бейсембаев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Дереккөз: inform.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
148 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
390 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»