8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Ақпан 2019 2301 0
Қоғам

АНАЛАРДЫҢ УӘЖІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін Оралда «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында  жергілікті атқарушы орган басшылары көпбалалы аналарды қабылдады.

     

Қабылдауға 200-ден аса әйел-ана келді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ.Есқалиев, облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, қала әкімі М.Мұқаев және басқарма, бөлім басшылары, құқық қорғау органдары өкілдері мен коммуналдық мекеме басшылары аналардың уәждерін тыңдады.

–    Қабылдауға келгендердің көпшілігі көпбалалы, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған аналар және аз қамтылған отбасылар. Олар бірінші кезекте баспананың қажеттілігін айтуда. Тұрғын үйге байланысты қабылданған бағдарламаларға кейбірінің санаты сәйкес келмейді, ал бірқатарының кезегі әлі жетпеген. Осы шара барысында көтерілген сұрақтарды өңірде құрылған жұмыс тобымен жинақтап, сараптайтын боламыз. Одан кейін республикалық комиссияға жолданады. Сәйкесінше, заңнамаға немесе қолданыстағы бағдарламаларға өзгерістер енгізу жөнінде шешім шығарылады. Соның ішінде әлеуметтік жәрдемақының көлемін көбейту де қаралмақ, – деді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»