Аманкелді Шахиннің Қара кітабы шықты!
31 мамыр күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ақын, сатирик, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық соты туралы тарихи-танымдық кітаптардың авторы, Жаңақала ауданының Құрметті азаматы Аманкелді Шахиннің «Қара кітап» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
БҚО әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың, «Отан» орденінің иегері А.Бақтыгереева, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі, Орал қаласының құрметті азаматы А.Нәріков және педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы Н.Дәулетов Жаппай – қуғын сүргін оқиғаларының 85 жылдығына орай шығарылған «Қара кітаптың» тұсауын кесіп, ақжарма тілектерін білдірді.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к, доцент З.Мүтиев, М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Б.Боранбаева, БҚИТУ «Филология және оқыту әдістемесі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Мамыров және журналист, Орал өңірі газетінің тілшісі, «Жайық Пресс» медиахолдингінің төрағасы Е.Қыстаубаев кітапқа баға беріп, оқырмандары көп болуын тіледі.
Осы кітапта жазылған боздақтардың ұрпақтары С. Молдағалиевтың қызы Н. Сатқалиқызы мен Ғ. Әнесовтің жақын туысы Е. Көшеков сөз сөйлеп, А.Шахинге алғысын білдірді. Сондай-ақ кітаптағы оқиға бойынша БҚУ-нің студенттері көрініс қойып, естелік хаттар оқыды. Және осы тақырып бойынша зерттеп жүрген БҚУ студенті Г.Жайлан қатысты.
Шара соңында автор А.Шахин «Қара кітапты» қалай жазғандығы жөнінде әңгімелеп берді.
«Жырдан алқа, қарасөзден қанат таққан қаламгер» тақырыбында кітап көрме шығарылды.
Өз тілшіміз
Версия для печати
Пікір үстеу