ҒАЛЫМ-ҰСТАЗДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен әдіскер ғалым, әдебет зерттеушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қалимолла Жұмағалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Профессор Қ.Ж.Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйесі (қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңартылған мазмұны)» тақырыбында дәстүрлі УІІ облыстық оқу-әдістемелік семинар өтті. Аталған шараға филология факультеті қазақ филологиясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, облыстық және қалалық мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, магистранттар мен студенттер және ғалым, ұстаздың ұрпақтары мен шәкірттері қатысты.

Алғаш бөп сөз алған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев «Қалимолла Жұмағалиұлы Мырзағалиев – көркем шығармаға әдістемелік-тәжірибелік талдама жасау шебері» тақырыбында баяндама жасап, прпофессор Қалимолла Мырзағалиевті Қазақстан Республикасына танымал тәжірибелі әдіскер-ғалым ретінде ағарту саласындағы атқарған қыруар ісі, өз тұсында жүргізген күллі ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің білгір теоретигі ретінде қалыптасқанын «Төккен тер текке кетпеген» атауымен өз мақаласында жүрекжарды пікірін білдірді. Бірегей ғалым, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің теоретигі Қалимолла Мырзағалиевтің мол әдістемелік мұрасы ешқашан ескірмейтінін жеткізді.
№ 48 ЖОББМ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зәмзәгүл Габдуллина «Қ.Мырзағалиев және әдебиетті оқу мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Филология факультеті деканының орынбасары, магистр оқытушы Ганмиркүн Тұрғаналиева «Қазақ тілі сабағында рефлексия жасаудың тиімді әдістері» тақырыбында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сөз қозғап, өз тәжірибесімен бөлісті. Оқу-әдістемелік семинарда қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңартылған мазмұны бойынша орта білім беру жүйесіндегі тәжірибелер қамтылып отырғандықтан, мектеп мұғалідері осы бағытта баяндамалар жасады. №1 ЖОББМ мұғалімі Гүлжайна Абдолова «Оқу-сауаттылығын қалыптастырудағы белсенді әдіс-тәсілдер», №42 мектеп мұғалімі Раухан Бердіғалиева «Белсенді стратегиялар арқылы сөйлеу қызметінің түрлерін меңгерту», №46 ЖОББМ мұғалімі Гүлшат Қазиева «Қазақ тілі сабағында тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндамалар жасады.
Семинар соңында ғалым-ұстаздың ұрпақтары мен шәкірттері сөз алып, әсерлі әңгіме, әдемі естеліктер айтылды. Әріптесі болған ардагер ұстаз Мерует Жолдықайырова ұжымда ұмытылмайтын тұлғалар болатынын, соның бірі де, бірегейі де Қалимолла Жұмағалиев екенін әдемі естеліктерімен жеткізе білді, Ардагер журналист Тихон Әліпқалиев Қалимолла Мырзағалиевтің әр сабағы есінде жатталып қалғанын, әр сабағын жадында сайрап тұратынын айтып өтіп, ұстазының адамгершілік, ізігілік қасиеттерінің ерекшелеп тұратын парасат иесі екендігін жеткізсе, ағайын туысы мен ұрпақтары қарапайымдылығын, ешқашан дауыс көтермейтін сабырлылықтың эталоны ретінде ізгі жүректі жан ретінде естерінде қалатынын айтып, әсерлі әңгімелерімен бөлісті.
Рита Сұлтанғалиева, М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу