8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2019 1410 0
Қоғам

АЛИК ШПЕКБАЕВ: «ЕҢ БАСТЫСЫ – НИЕТ ПЕН ЕРІК»

«Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік – тек сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары».

Қылмыстық шаралар маңызды, бірақ проблеманы түбегейлі шешуді қамтамасыз етпейді. Тіпті өлім жазасы шенеуніктердің пара алуын әлі де тоқтатпаған Қытайдың мысалы осыған дәлел.

Бүкіл қоғамның ауқымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру – бұл ұзақ мерзімді процесс. Бірақ жеке деңгейде әрқайсымыз оны өте тез жасай аламыз. Ең бастысы – ниет пен ерік.

Азаматтық қоғам анағұрлым ашық және белсендірек бола бастады. Мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестермен бірге арнайы мониторингтік топтар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосуда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ыңғайлы фронт-кеңселері бар сервистік әкімдіктер ашылуда. Форматында 180-нен астам мемлекеттік мекеме жұмыс істейтін open space енгізілуде. Жақында ғана оны Шымкент қаласының әкімдігі де жасады. Кім біледі, мүмкін, бұл әкімдіктер үшін жаңа челлендждің басы болар.

Біз әзірлеген «Digital Agent» және «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» it-өнімдері Қазақстандағы кез келген адамға мемлекеттік сервисті жақсартуға және ұялы телефон арқылы бюджеттің шығыстарын, құрылыс сапасын, жолдар жөндеуін бақылауға теңдесі жоқ мүмкіндік береді.

Бизнес-қоғамдастық та айтарлықтай дамып келеді. Бизнесті және инвестицияларды қорғауға арналған Protecting Business and Investments жоба шеңберінде бізбен 300-ден астам компания жұмыс істейді. Олар парасыз – адал бизнесті жүргізуге өзіне міндеттеме алды.

Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты дамыту үшін еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» клубтары ашылды. Колледждер мен жоғарғы оқу орындары деңгейінде академиялық адалдық қағидаларын және олардың қызметінің ашықтығын нығайтуға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасы іске асырылуда.

Мемлекеттік қызметшілердің санасын трансформациялау мақсатында Мемлекеттік басқару академиясы Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan ауыл және аудан әкімдерінің көпшілігін жобаларды басқару, тиімді коммуникациялар, этика және адалдыққа үйретті. Сондықтан, біз олардың жұмысының ашықтығы мен клиентке бағдарлануының нақты ұлғаюын күтеміз.

Адал қоғамды құру шағын істерден басталады. Солардың бірі сатушылары жоқ адалдық дүкендерінің ашылуы болды. Жарты жылдың өзінде «Адалдық дүкені» орындарының 3700-ден астамы ашылды: мемлекеттік органдарда, жоғарғы оқу орындарында, мектептерде, соттарда, тіпті полицияда. Сатып алушыларға кедергісіз қызмет көрсетуді ашып жатқан «Рамстор» және «Магнум» сияқты танымал супермаркеттер желілерінің біздің идеямызды қолдауы қуантады. Әрине сіздер Алматы метросындағы адалдық турникеті туралы да естіген шығарсыздар. Бұл бастама күшейе түсуде.

Оң өзгерістер, сіздер көріп отырғандай, бар. Жеке жобалар мен іс-шаралар ауқымды емес көрінуі мүмкін, алайда бірге олар ортаны және қоғамдық сананы өзгертетін пазлды құрайды.

Біздің барлық бастамаларымыз Мемлекет басшысы әділ атап өткендей сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттің ғана емес, барлық азаматтардың міндеті деген ұғымды әрбір қазақстандықтың сана-сезіміне жеткізуге бағытталған.

Достар, біз Тұңғыш Президенттің тапсырмасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» республикалық жобасын Adaldyq alańy жүзеге асырудамыз. Мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартқысы және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жойғысы келген кез келген ынтасы бар адам оған қосыла алады. Тек сіздердің белсенді қолдауларыңызбен ғана жоба жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысқа айналады.

Алик Шпекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
92 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
153 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
390 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
872 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1250 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1149 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1609 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2225 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2390 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2397 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2448 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2453 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2064 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2932 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2986 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2980 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3593 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3561 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3552 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3528 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3688 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»