«ЖИҺАЗ ШЕБЕРІ» САН СОҚТЫРДЫ
Жиһаз жасап беруді уәде етіп, алдын ала ақшаны иеменіп алып, қарапайым тұрғындарды сан соқтырып жүрген алаяқтар аз емес. Жуырда ғана үйіндегі жиһаздарды жаңартпақшы болған Орал қаласының тұрғыны сол алаяқтардың бірінің құрығына түсіп қалған.

Орал қаласы «Астана» шағынауданында тұратын 1976 жылғы Л. есімді азаматша жиһаз жасатпақ болады. Оның тапсырысын орындауды 1970 жылғы С. есімді азамат мойнына алған. Әрі ол ас үй жиһазымен қатар бөлмелердің де жиһаздарын жасап беретінін айтқан. Осылайша, тапсырыс берушіден қаражатты алдын ала сұрап алады. Азаматша Л. оған сенгендіктен, 600 мың теңгені қолына ұстата салған.
Дегенмен, уәделі мерзім жеткенімен, «жиһаз шебері» тапсырысты әкелмеген. Күте-күте төзімі қалмаған азаматша полицияға шағымданады.
Орал қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бұл келіншектен тапсырыс алған 1970 жылғы С. есімді күдіктіні құрықтады. Тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бұл күдіктінің қасында 1979 жылғы М. есімді Атырау қаласының тұрғыны болған көрінеді. Қазір полиция осы күдіктінің ұстау іс-шараларын жүргізуде.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу