8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Қаңтар 2024 2556 0
Оқиға

Алаяқты тапты!

БҚО Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті БҚО бойынша департаментімен бірлесе Түркістан облысы аумағында алаяқтықпен айналысқаны үшін іздеуде жүрген ер адамды анықтап, қолға түсірді.


Ол Түркістан облысының тумасы екен. Түркістан облысының Полиция департаментімен ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Алаяқтық) іздеуге қойылды.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Приурал полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

БҚО полиция қызметкерлері жыл басынан іздеуде жүрген 4 қылмыскерді анықтады.
Өткен жылы 89 қылмыскерді тапты. Соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 34 қылмыскер, онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін 55 қылмыскер іздеп, табылды.

16 қылмыскердің былтыр әр түрлі қылмыстарды жасағаны белгілі болды. Оның ішінде 2 қылмыскер кісі өлтіргені үшін ұсталды. Сондай-ақ, шет елдегі 9 қылмыскердің болу орны анықталды, оның ішінде Ресей Федерациясы аумағында 6, Францияда – 1, Польша елінде 1 және Әзербайжан елінде 1 қылмыскердің болу орны анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта оларды Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
136 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
380 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»