«Қала тарихы: Жайықтан Оралға дейін»
Бүгін, қыркүйектің 6-сы күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Орал қаласының әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қала тарихы: Жайықтан Оралға дейін» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болды.
Шараны М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, ғылым докторы Жаңабек Жақсығалиев ашып, жүргізді. Басқосуға арнайы қатысқан Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов шаһардың тарихы жөнінде қысқаша тоқталды.
Конференцияның мақсаты – Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны жалғастырушы, қалыптасу тарихы Жайық қалашығынан бастау алатын Орал қаласы туралы болды. Басқосуда БҚУ-дың профессоры, доктор Мұрат Сыдықов, тарихшы Жақсылық Жақсығалиев, Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің оқытушысы Райса Абдрахманова, облыстық тарихи – мәдени мұраларын қорғау жөніндегі инспекциясының мемлекеттік қызметкері Әлия Сағынова баяндама жасады. Конференцияға қатысқан қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері көне қаланың тарихы туралы өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Гүлжан АЯЗБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу